Бала күнімізде тазалыққа ең бірінші ата-анамыз үйретеді: тамаққа отырар алдында және тамақтан кейін қолымызда жуамыз. Қолды жуу ең қарапайым тазалықтың бір түрі. Су көптеген аурулардың алдын алады. Дегенмен біз қолды әр кез жуып жүру керектігін кейде ескермейміз, себебі қолымыз әр минут сайын ластануы мүмкін. Ол сіздің пайдаланған затыңызға байланысты. Біз бүгін сіз бен біз байқай бермейтін ең лас заттар туралы ақпарат береміз. Ыдыс жууға арналған ысқыш Күнделікті ас үйде пайдаланып жүрген жұмсақ ысқыш майды алады және кірді кетіреді деп ойлаймыз. Бұл шындық. Бірақ оның бір бойына қаншама бактерияны жинап алатынын білесіз бе? Микробиологтардың айтуынша ас үйдегі жұмсақ ысқыш үйдегі ең лас зат болуы мүмкін. Ысқыш көп жағдайда құрғақ емес дымқыл күйде, су күйінде тұра береді және оның бойында тамақтың қалдықтары қалады. Бұл нағыз бактерия үшін таптырмас орын. Үйдегі ыдыс жууға арналған ысқышта 75% бактерия болады. Негізінен кампилобактерияларды тудырады. Бұл бактерия түрі адам асқазанын улап, оның ас қорыту жүйесін бұзуға алып келеді. Сондықтан мамандар ысқыштың өзіне де күтім керектігін, арнайы сабындар мен ұнақтар арқылы оны да тазалауды ұсынады. Ас үйдегі қол сүртетін орамал Ас үйдегі ыдыс жууға арналған ысқыштың қандай зиянын барын білдік. Қызығы сіз ысқышты пайдаланып болған соң қолыңызды орамалмен сүртесіз. Қысқаша айтқанда қазір ғана тазаланған қолға тағы бактерия жұқтырдыңыз. Себебі ысқыш пен қол сүртетін орамалдың жағдайы бірдей: екеуі де дымқыл әрі су күйінде тұрады. Мамандар ас үйдегі қол сүртетін орамалды екі күнде бір жуып, тазалап тұруды ұсынады. Себебі оның бойында 25% бактерия болады. Төсегіңіз таза ма? Ұйықтар алдында пайдаланатын қол телефон, компьютерден бөлек, төсегіңіз де лас. Себебі сіз жатар алдында жуынып келіп жатасыз және жастыққа, көрпеге әлі толық құрғап бітпеген денеңізбен енесіз. Ал бұлнағызбактерия жиналатын орын. Жастыққа жатқан кезде бетіңізбен жатып қалуыңыз мүмкін. Бұл әрекет түнде жиі қайталанады. Ал тыныс алған кезде сол бактерияларды ішке жұтасыз. Сондықтан төсек орынды аптасына кем дегенде бір рет жуып, кептіріп, тазалап тұрыңыз. Тіс щеткасын қоюға арналған орын Шет елдік фильмдерді қарасаңыз, бәрінде өздеріне тән жеке тіс щеткасын салатын ыдыстары болады. Бұл жай ғана сәйкестік емес, мамандардың адамға үйретуі және фильм арқылы түсіндіруге тырысуы. Себебі ең жаман бактерия осы тіс щеткасын пайдаланып болған соң қойып кететін орында. Егер әжетхана мен жуынатын орын бір жерде орналасқан болса, тіпті қауіпті. Бөлме есігі үнемі жабық тұратындықтан ауа алмасу үрдісі жүрмейді де, сіз пайдаланып кеткен тіс щеткасына бактериялар қонады. Сондықтан ең дұрысы жеке гигиенаны қатаң сақтағаныңыз абзал. Сіз бұл ақпараттарды оқып немесе көз жүгіртіп, білеміз ғой! деп селқос қалдыруыңыз мүмкін. Ал бактериялар ендігі ағзаңызда жүргенін білесіз бе? Алдын алыңыз, сақтаныңыз, сақтайды!