Күнде жеп жүрген зиянды тағамдар

Күнделікті өмірде пайдасы мен зиянына мән бермей ішіп-жеп жүрген тағам көп. Көпшілік ішіп жүргеннен кейін біз де оның зиянына қарамай жүре береміз. Оның кейбірі денсаулыққа зиян келтірсе, енді бірі сұлулық пен келбетке, психологиялық көңіл-күйге кері әсер етеді.

Салмақ қосып, бетке әжім түсіретін, безеу шығаратын да осы тағамдар.

Қант

Ең зиянды қоспалардың бірі әрі негізгісі – қант. Мұны бәрі білетін болар. Қанттың зиян екені бұрыннан  айтылып жатыр. Қантты көп жеуге болмайды. Қантты көп жейтін адамдардың бетіне ақтаңдап түсіп, безеу қаптайды, целлюлит пен әжім пайда болады. Толудың да себебі – қант.

Қант көп жейтін балалардың өсу гормоны азайып, дене-бітімінің дұрыс қалыптасуына зиян келтіреді. Ағзасында қышқыл көбейіп, иммунитеті төмендеп кетеді.

Қанттың орнына табиғи тәттілерді жеген жөн. Мәселен, бал, жеміс-жидек (құрма), шырынның пайдасы әлдеқайда жақсы. Әсіресе, балаларға тұт ағашының жемісін берген дұрыс. Тәтті кәмпитті алмастыра алатын жеміс.

Ішімдік

Ішімдік зиян. Ішімдіктің ағзаға зияннан басқа еш пайдасы жоқ калория екенін ұмытпайық. Бос калорияны қорытамын деп асқазан мен ағза босқа шаршайды.

Ішімдік ішкен адамның гормондары өзгеріп, бауыр жұмысы нашарлайды. Қан айналымы да соның кесірінен бұзылады.

Консерв өнімдері

Консервіге салынған азық-түліктің зиян екенін бірі білсе, бірі білмейді. Қалбырға салынған тағам әу баста табиғи қасиеті жоғары азық болғанымен, оны «темір қапшыққа» салғаннан кейін бұл қасиетінен түк те қалмайды. Өйткені оған өндірушілер ұзақ уақыт сақталсын деп химиялық қоспалар араластырады. Ал ол адам гормонына зиян келтіреді, азайтып жібереді.

Майлы тағам

Аз қуырылған тағамның пайдасы көбірек. Тағамды көп қуырған сайын соғұрлым пайдалы қасиеттерінен айырылады. Содан тағамда ауыр элементтер көбейіп кетеді де, адам ағзасына түскеннен кейін қорытылмайды, денені депрессияға түсіреді, шаршатады.

Қуырылған көкөністің өзі пайдасынан айырылады. 

Газдалған сусын

Бір бөтелке газдалған сусынның құрамында 10 қасық қант болады. Ал қанттың қандай зиян екенін жоғарыда жаздық. Одан бөлек, мұндай сусындардың құрамында фосфат көп болады, ол адамның тез қартаюына әкеледі.

Диеталық сусын деген жарнамаға сенбеңіз. Табиғи сусыннан басқа ешқандай сұйықтық метаболизмді (зат алмасу) күшейте алмайды.

Сүт тағамдары

Сүттің ағзаға пайдасы көп, әрине. Бірақ дүкен сөресіеде тұрған сүт өнімдеріне сенім жоқ. Өндірушілер сүт, ірімшік, қаймақ ұзақ уақыт сақталсын деп құрамына антибиотиктер мен гормондар қосады. Содан адам ағзасында инсулин көбейіп кетеді. Бұл аурудың қабынуына әкеледі. Сондықтан табиғи сүтті ішуге тырысқан абзал.