Күнделікті тәртіппен өмір сүру дұрыс па? Күніңіз жемісті өтсін десеңіз, күн тәртібіңізді ішкі биоритмдермен сәйкестіріңіз.
Таңғы 6-7 арасында адамның ұзақ уақытқа есте сақтау қасиеті әлдеқайда жақсы жұмыс жасайды. Осы уақытта ақпарат жеңіл қабылданып, ұзаққа есіңізде қалады.
8-9 аралығында логикалық ойлау іске қосылады. Бұл қасиет сізге кез келген жұмыста көмекке келе алады. Жұмыс күніне жаңа ойларды осы уақытта ойластырыңыз.
9-дан 10-ға дейінгі уақытта ақпаратты жинау, өңдеу, статистика құру тапсырмаларын оңайлықпен атқара аласыз.
11 мен 12-де ми жұмысының белсенділігінің төмендеуі байқалады. Бұл кезде тынығып, поштаңызды тексеріп, жаңалықтар оқып, музыка тыңдасаңыз болады.
11 мен түскі сағат 2 аралығын түскі асқа арнаңыз. Бұл уақытта қабылданған тамақ толықтай қорытылып, күш-қуат береді.
Жалпы 12-18.00 кезі белсенді еңбек үшін таптырмас уақыт. Осы уақытта бар жұмысыңызды бітіріп қоюға тырысыңыз. Кешкі 6-дан кеш қалсаңыз, миыңыз соңғы күшінде жұмыс істеуіне тура келеді. Нәтижесінде жиі шаршап, ұйқының бұзылғанын байқайсыз.
Кешкі 9-11-ді демалуға арнаңыз. Бұл кез мидың, жүйке жүйесінің толықтай тынығатын кезі.
Түнгі 11 мен 1-дің арасында ұйқыға жатуға үлгеріңіз. Бұл кезде жалпы ағзаның қалпына келу процестері орын алады. Ал олар ұйқы кезінде ғана жүреді.
Ал түнгі 1 мен 3-тің арасында, адамның эмоционалды күші қалпына келеді (әрине, ұйқыда).
Сіздің күн тәртібіңіз осы биоритмдерге сәйкес пе?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: savjetnica.com