Күн сайын қызанақ шырынын ішсе не болады?

Қызанақ шырыны жаңа піскен қызанақтың барлық қасиеттерін сақтайды, дейді диетолог Елена Моисеева. Сонымен бірге, шырынның пайдалы және зиянды қасиеттері де бар. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Бұл сусынның маңызды артықшылығы оның калориясының төмендігі (17 килокалория/100 грамм) және калийдің жоғары болуы. Бұл жүрек бұлшықетін тамақтандыруға арналған ең жақсы шырын. Шырын балалар, әйелдер, ерлер және қарт адамдарға да пайдалы. Әсіресе бұл сусын, диабетиктерге арналған", - деді Моисеева.

Қызанақ шырыны салмақ жоғалтуда таптырмас қызмет атқарады. Ал, қызанақ диетасы ең тиімді диета. Күніне 1-4 стакан шырын ішу керек. Шырынды тамақтан жарты сағат бұрын оған бірнеше тамшы өсімдік майын қосып ішкен дұрыс. Бірақ сұйықтық денеде тұрып қалмауы үшін тұз қосу қажет емес. Оны сарымсақ немесе бұрышпен ауыстырған дұрыс.

"Жедел панкреатит пен гастрит кезінде сусынды қолдануға болмайды. Крахмалды тағамдармен (картоп, күріш, нан) тұтыну бүйректе тастың пайда болуына әкелуі мүмкін", - дейді маман.


Айта кетейік, бұған дейін мамандар қан қысымын бірден түсіретін сусынды атаған болатын. Батыс Аустралия университетінің ғалымдары кәдімгі қара шай қан қысымын төмендететін ең тиімді сусындардың бірі деген қорытындыға келді.

"Қара шайды үнемі тұтыну қан қысымын төмендетеді, дегенмен бұл сусынның оған әсері әлі зерттелмеген", - деп қорытындылады зерттеу авторлары.