Қатерлі ісік аурулары, жүрек аурулары – күн сәулесі жетіспейтін адамдарды күтіп тұрған ең қауіпті аурулар. Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, әрбір оныншы адамның ағзасына күн сәулесі жетіспейді екен және «бұл - адам шошырлық статистика».
Бұл зерттеулерді Кембридж Университетінің ғалымдары жүргізіп көрген. Олар жүргізген тәжірибеге 42-82 жас аралығындағы 14641 ерікті қатысқан. Зерттеу нәтижесінде ерлер мен әйелдер күн сәулесі жетіспегендіктен, мертігіп қалу, диабет, жүрек талмасы, қатерлі ісік сияқты қауіпті ауруларға жиі шалдығады екен.
Мұндай ауруларға шалдығудың басты себебі: D дәруменінің жетіспеуі болып табылады. Ол ағзаны аурулардан қорғайтын қалған сияқты қызмет атқарады және көптеген химиялық реакция осы дәруменнің қатысуымен жүреді. Сондықтан, күніне кемінде жарты сағат күн астында жүрген пайдалы. Ал қыс мезгілінде D дәруменінің мөлшерін көбейту үшін арқан балық (лосось) пен майлылығы жоғары сүт тағамдарын пайдалану керек.
Дайындаған: Айжан Бекболат
Сурет: deviantart.com