- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көзіңізді қорғаңыз...
Көзіңізді қорғаңыз
Әр күн сайын, офиске келіп, бір шыны кофе құйып, әдеттегідей компьютерді қосқанда күні бойы көзімізге қаншалықты ауыртпашылық түсетінін ойламаймыз.
Үйде – теледидар, ноутбук, кейде гаджеттерден кітап оқудан да тайсалмаймыз. Шаршаңқы көздер, сөнген жанар мен көз айналасындағы қара түнек қазіргі уақытта 80 жасар кемпірлерде ғана болмайды.
Бар-жоғы 20 жыл бұрын біз таңғажайып электрондарсыз өмір сүрдік. Ал қазіргі уақытта оларсыз өмірді елестету тіптен қиын. Және де компьютерлер мен айфондардың ғасырында көз көру қабілетім мықты деп көп адам мақтана алмас.
Тіпті кішкентай балалардың өздерінде көз көру қабілеті нашарлап кеткен. Әлбетте бұл проблемада электронды ғажайыптардың әкелген зардабы мол, сонымен қатар аурудың алдын алуға ешқандай жұмыс жасалмауында.
Кез келген монитордағы сурет – бұл миллион сәулелер арқылы бейнеленеді. Көзіңізге күш түспейді деп ойласаңыз да, қателесесіз. Өйткені көз сурет немесе жазуды көру үшін барлық жарқыраған сәулелерді сүзгіден өткізіп, бірнеше рет әрбір сәулені қабылдауы керек. Бұл ұзақ ақ қар немесе судың жылтылдағанына қарап отырумен тең. Кішкентай ұялы телефоннан кітап оқитындар да бар. Оқу үшін айфонның экраны да кіші болады. Сонымен қатар экран тоқтаусыз дірілдеп тұрады – бұл да көзге салмақ болып түседі. Егер электронды кітап оқығыңыз келсе, арнайы құрылғы сатып алғаныңыз жөн.
Монитордың алдында қалай отырасыз, назар салыңыз. Бір жағыңызға қисайып, бүкірейіп отыру мойын бұлшық еттерінің құрысуына алып келеді – ал бұл өз кезегінде бас миында қан айналымын әлсіретеді – көз көру қабілеті нашарлайды. Көзіңізді жиі жыпылықтатуға тырысыңыз. Салыстырып көріңізші, сіз далада минутына 20-25 рет көзіңізді жыпылықтатасыз, ал монитор алдында отырғанда тек төрт-бес рет қана. Көз ұзақ уақыт бойы ашық тұрса, жас пленкасы құрғап, көзде құм бардай сезім пайда болады, қызарып, қышиды.
Көзіңізді демалдырып, денсаулығын арттыру үшін күніне бір рет және жатар алдында қарапайым жаттығуларды жасап тұру қажет:
7 жаттығу
1. Көз жанарын көлденең оңнан солға қарай қимылдатыңыз.
2. Ал енді тігінен – барынша үстіге және барынша астыға түсіруге тырысыңыз.
3. Көз жанарын сағат тілі бойымен қозғалтыңыз, кейін кері қарай.
4. Барынша тез ырғақта көзіңізді барынша қатты жұмып, қайта қалпына келтіріңіз.
5. Диагональ қимылдар: көз жанарыңызды сол жақ бұрышқа әкеліп, кейін жанарыңызды тігінен үстіге көтеріңіз. Дәл солай кері қарай жасаңыз.
6. Көзді мұрынға әкелу. Саусағыңызды көзіңізбен бақылай отырып, мұрныңызға әкеліп, көзіңізді барынша қылилатуға тырысыңыз. Асықпай жетіге дейін санаңыз.
7. «Алыс-жақын». Терезеге жақындап келіңіз, жақын жерде жатқан, жақсы көрінетін затты бақылаңыз. Кейін өте алыста жатқан заттарды көруге тырысыңыз.
Әрбір жаттығуды 5 рет қайталау керек. Бұл, негізінде, көп уақытыңызды алмайды. Бірақ әкелер пайдасы өте зор.
Суреттер: kakpravilno.info, narodnaymedicina.blogspot.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina