Қос жанардың саулығы – баға жетпес байлық. Сондықтан көзімізге күтім жасап тұруымыз керек. Ол үшін мынадай тамақты жиі тұтыныңыз:
Болгар бұрышы. А мен С дәрумендері мен лютеин бар.
Өсімдік майы. Өсімдік майысыз А дәрумені сіңбейді.
Сәбіз. Күніне бір сәбіз жесеңіз, родопсин қалпында болады.
Ет пен балық. А дәрумені ет пен балықтың құрамында мол.
Цитрус. С дәрумені жеткілікті болсын десеңіз, лимон, апельсин, мандаринді жеп тұрыңыз.
Асқабақ. Көздің көруін сақтайтын лютеинге бай асқабақтан күніне 150 г жеу керек.
Көзге жасыл түс аса пайдалы. Жасыл түске ұзақ қарасаңыз, ол көздің шаршауын басып, жүйке жүйесін жайландырады. Сондықтан бөлмеңізде жасыл түстің көбірек болуын қадағалаңыз.