- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көзге арналған фитнес...
Көзге арналған фитнес
Тек денемізге ғана жаттығу жасап қоймай, көздің саулығын да назарда ұстауымыз қажет. Әсіресе компьютер алдында ұзақ уақыт отырар болсақ, көзді жиі-жиі жаттықтырып тұрғанымыз дұрыс. Бұл жаттығуларды жасағанда көзілдірік не линза тағатын болсаңыз, оны шешіп қойыңыз.
1. 5 секунд көзіңізді жұмып, одан соң 5 секунд ашып отырыңыз. Осы жаттығуды сегіз рет қайталаңыз.
2. Көз қабағына сұқ саусағыңызбен массаж жасаңыз. Ақырын, саусақты батырмай бір минут бойы істеңіз.
3. Су массажы. Ұйқыдан тұрғаннан кейін көзіңізді алдымен жылы сумен жуыңыз, одан соң салқын сумен жуыңыз. Ал кешкісін кезекті өзгертіңіз, көзді алдымен салқын сумен, одан соң жылы сумен жуып жатыңыз.
4. Терезеге диаметрі 5 мм болатындай түстер таңбасын іліп қойыңыз. Ол көз деңгейімен бірдей болсын. Осы бейнеден 35 см қашықтықта тұрыңыз да, осы түстердің ар жағынан көрінетін бір нысанды таңдаңыз. Алдымен бір түске 2 секунд, одан соң сол нысанға 2 секунд қараңыз. Осылай бірнеше рет қайталаңыз.
5. Көзіңізді жұмып, жақсы нәрселерді ойлаңыз. Бірнеше минутқа созылатын бұл жаттығу жұмыс арасында көзге пайдасын тигізумен қатар, босаңсып, ойыңыз сергуіне де әсер етеді.
@. @assel_assanova