- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қозғалыста бол! ...
Қозғалыста бол!
Көктемде спортзал, жүзу, фитнеске қоса, күнделікті белсенді болу керек. Ауа-райының өзі қосымша серуен мен қозғалысты талап етіп тұрғандай.
Жылы күндерді қалт жібермей, белсенді болып, қозғалысты денсаулығыңыз бен көңіліңіздің пайдасына жаратыңыз.
- Автобуспен жол жүретін болсаңыз, үйге бір аялдама бұрын шығып, серуендеп қайтыңыз. Таксимен не көлікпен жүрсеңіз, үйден алысырақ тоқтап, үйге қарай шамалы жүріп қайтыңыз.
- Лифт атаулысын ұмытып, баспалдақпен ғана жүріңіз.
- Дүкендерге жаяу барып қайтыңыз.
- Үйдегі кішкентайлармен доп, қуаласпақ ойнаңыз.
- Үйдің ауласына шығып, тартылып, жүгіріп, әткеншекке отырып, балалық шақты еске алыңыз.
- Теледидар қараған уақытта жатпай, отыру не секіру жаттығуларын жасаңыз.
- Телефонмен сөйлесу барысында жүріңіз.
- Айнаның маңынан өткенде бір сәтке қасында тұрып, басты айландыру не иықты көтеріп-түсіру жаттығуларын жасаңыз.
- Сүйікті әуеніңізді қосыңыз да, билеңіз! Жеңіл көйлек не белдемше киіп билесеңіз тіпті жақсы, осылайша өзіңізді жеңіл, нәзік сезінесіз.
- Қалаңызда қыс бойы болмаған саябақтарға кіріп, фотосессия жасаңыз.
Бастысы, көктемгі апатияға жол бермей, әр уақытта көңілді болыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: collegefashion.net
С. А