- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көздің ісуінен қалай...
Көздің ісуінен қалай құтылуға болады?
Көз астының ісуі әдемі келбетіңізді бұзып тұрады. Әрі мұндай жағдайда сіз сырт көзге шаршап, қамығып тұрғандай болып көрінесіз. Сондықтан мұнымен міндетті түрде күресу қажет!
№ 1 кеңес.
Кептірілген түймедақтың гүлдері, жөке, қайың жапырақтары және шай жапырақтарынан жасалған компресс көмектеседі.
№ 2 кеңес.
Бір ас қасық желкөк пен екі ас қасық кілегейді араластырып, оны 10-15 минут көзіңізге басасыз. Үстіне жылы дәке қойыңыз.
№ 3 кеңес.
2 үлкен қасық үккіштен өткізілген шикі картоп та жақсы көмектеседі. Бұл масканы дәкеге салып, көзіңізге 10-15 минут бойы басыңыз.
Масканы алғаннан кейін қабаққа арналған жақпа майды жағасыз. Және де көз астының ісуі пайда болмас үшін жеңіл жаттығуларды жасауға болады:
1) Көзіңізді қатты жұмып, барынша үлкейтіп ашыңыз. Мұны әр 20 секунд сайын 5-6 реттен қайталайды.
2) Көзіңізді ақырын жұмып, 5 секундтан кейін үлкейтіп ашып жоғары қарап, көз бұлшық етіңізді демалтыныңыз.
3) Басыңызды түзу ұстап тұрып, жылдам оңға-солға 5 секунд қарап, содан кейін тура алдыңызға қараңыз. Мұны 3-4 рет қайталағаннан кейін көзіңізді демалтыңыз.
Дереккөз: ozgeshe.kz
Ж. Исакаев