Көзіңіз ісіп, ауырып, жас ағып, бұлыңғырланып жүр ме? Онда мына кеңеске назар аударыңыз.
10 жас пен 65 жас аралығындағы мыңдаған адамға жүргізілген әлеуметтік тексеруден кейін адамдардың орташа есеппен аптасына компьютер, смартфон, телеэкран қарау уақыты 49 сағатқа жетіп, 80% адамдарда көз ісу, көз ауру, көзден жас ағу, көздің бұлыңғырлануы сияқты белгілер пайда болған. Сонымен бірге көз құрғау ауруына шалдығу салыстырмасы да үздіксіз жоғарылаған. Ендеше, осызаман адамдарының көру қуатының әлсіреуіне не себеп?
Көзді ұзақ уақыт жақын аралықта ұстау
Балалардағы алысты көре алмау ауруы болсын, әлде көздің шаршауы, көз құрғау ауруына шалдыққан орта жастағылар болсын, олардағы ортақ ерекшелік – көзді қалыптан тыс істету немесе уақытында демалдырмау. Көз ұзақ уақыт қызмет істегенде, шаршап, көздің бұлыңғырлануы, қышуы сияқты ауру белгілері пайда болады. Кітап оқығанда немесе ғаламтор шолып, телевизор экранына ұзақ уақыт қарап отырғанда, дұрыс отырмау, ұзақ уақыт көзілдірік тағу, жолда немесе көлікте отырғанда смартфон не кітап қарау сияқтылар бұл түрдегі ауруды онан әрмен асқындырады.
Тазалыққа көңіл бөлмеу
Көз жайсызданғанда адамдар көзді уқалағанды әдетке айналдырған. Қолдың таза болмауы, ондағы бактериялардың көп болуы себепті бұлай істеуге әсте болмайды.
Зерттеу нәтижесі бойынша, адам қолында 100 мыңдаған бактерия өмір сүреді. Олар түрлі көз ауруларына, әсіресе қызыл көз ауруы мен басыр ауруына соқтыратын басты себептердің бірі.
Көз дәрілерін беталды пайдалану
Ұзынды күн жұмыс істегеннен кейін көздің ісінуі мен қабынуын, көздің қызаруы, қышуы сияқты жайсыздықтар пайда болатындықтан, көптеген адамдар осы кезде көз дәрілерін пайдаланып, ауруды басқысы келеді. Бұлай істеу керісінше адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Көз дәрілерінің құрамында шірітуге қарсы зат болатындықтан, осы тектес дәрілерді ұзақ уақыт істеткенде көз тор қабығын зақымдайды және ауыр трагедияларды тудыруы мүмкін.
Жарықтан зақымдалу
Әйнек немесе айнадан жасалған қабырға беті, жарқыраған мәрмәр мен еден шағылыстырған нұр, алуан түсті жарық көздің жарықтан зақымдалуын келтіріп шығарады. Уақыт ұзара келе, көздің тор қабығын тітіркендіріп, көздің шаршауы және көру қуатының әлсіреуін пайда қылады. Әсіресе, ұзақ уақыт әйнек немесе айна шағылыстырған нұрмен жанасқан адамдардың көзіне ақ түсу салыстырмасы жоғары болады.
Темекі тарту
Шылым – көру қуатын әлсірететін себептердің бірі. Темекі тартқанда адамның денесі сімірген оттегі сарп етіліп, қандағы оттегінің мөлшері азайып, көз тор қабығына оттегі жетіспеуі мүмкін.
Уақыт ұзара келе көз нерв талшықтары өзгеріп, шылым шегетін кісілердің көру қуаты әлсіреп, тіпті көздері көрмей қалуы да мүмкін.
Мұнан бөлек, темекі шеккенде сімірген никотин, көмір тотығы сияқты зиянды заттар қан тамырды тарайтып, қан пластикасының қалыптан тыс ұюы, көз тор қабығының орталық қан тамыры тосылуы, сары дақтың құрамы өзгеру сияқты көз ауруларына себеп болады.
Клиникалық бақылау нәтижесі бойынша, темекі тартатындардың көз қысымы жоғарылау құбылысы да пайда болады. Мұндай жағдай көздің сарысы сулану науқасы бар адамдарда ауыр болады.
Бірыңғай азықтықтармен азықтану
Көз түрлі қоректіктерді қажет етеді. Ал бұл қоректіктер бірыңғай азықтықтардың құрамынан табылмайды. Егер бірыңғай азықтықтарды үнемі тұтына берсеңіз, көзге қорек жетіспей, көзіңіз көз ауруларына оңай жұғымдалуы мүмкін.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: picnic.com