- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көздің көру қабілетін...
Көздің көру қабілетін жақсарту
Өкінішке қарай, күн сайын, жылдар бойы монитордың алдында көп уақыт өткізіп, көз жанарымызды солдырамыз. Көздің бір нүктеге үзіліссіз қарап отыруы - денсаулыққа зиян. Жаратылыс мұндай нәрсеге қарсы. Ерте ме, кеш пе, көзіңіз ауыратын болады.
Неге адамдар көздің көру қабілетін сақтау туралы ойламайды?! Өкініштісі сол, біз қазіргі мәселелерді ойлауға тырыспаймыз...
Негізінде, көз нашарлауының алдын алу мүлде қиын емес. Тек ойланып қараңыз. Сіздің алдыңызда екі таңдау бар: өте қарапайым қимылдарды орындау арқылы көзіңізді сақтау немесе көзді күтпей, мәселені одан әрі қиындату.
Жұмыс үстеліңізді дұрыс орналастырыңыз
Ең бірінші кеңес. Компьютерге дұрыс отыруды ойлайтын адам аз. Еш заңдылықты сақтамай отыра салып, кейін арқа немесе мойын ауырғанда басқа жаққа бұрылып, осылайша, экранға одан әрі жақындай түскенімізді байқамай қалатынымыз бар.
1. Монитор: монитор көзден алшақ орналасуы қажет. Монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде немесе сәл төменірек орналасуы тиіс.
2. Жарық беру: экран неғұрлым жарық болса, бөлме де соғұрлым сәулелі болуы қажет. Көз аса қатты жарыққа қарауға қабілетсіз. Сондықтан, жарық экран мен қараңғы бөлменің шағылысуы көз бұлшық еттерін шаршатады. Сол себепті, монитордан түсетін жарық пен бөлмедегі жарықтың бір-біріне үйлесуін қадағалаңыз.
3. Өзге дақ-нүктелердің болмауы: сіздің мониторыңызда өзге жарық көзі болмауы тиіс.
4. Таза экран: экрандағы сұлбаның сапасы мейлінше жоғары болса, көздің шаршауы да төмен болады. Қазіргі кезде мониторлардың сапасы өте жақсы. Алайда, барлығы да шаңды тез жинайды да, қанықтығын жоғалтады. Сондықтан, әр күн сайын экрнады майлықпен сүртіп тұрыңыз. Экранды бүлдіріп аламын деп қорықпаңыз, өйткені, денсаулық маңыздырақ!
5. Дененің дұрыс орналасуы: орындық немесе мамық үстелге тік отырыңыз. Отырысыңыз өзіңізге ыңғайлы болуы керек. Әйтпесе, сіз экранға қарай еңкейе бересіз, ал бұл көзге түсетін ауыртпалықты одан әрі көбейтеді. Егер сіз компьютермен жұмыс кезінде қандай да бір қағаз құжаттарды қарайтын болсаңыз, онда құжаттарыңызды жаныңыздағы қандай да бір тіреуішке қойыңыз. Бұл жағдайда сіз қайта-қайта ақпарат алу үшін қағазға үңіліп, көздің қызметін ауырлата түспейсіз. Мойныңыз да ауырып қалмайды.
Әрбір 45 минут сайын үзіліс
Бұл жақсы кеңес. Алайда, компьютерге отырған соң, уақытты тексеріп жататын кім бар?! Статистикаға сенсек, компьютерге отыратын адамдардың 90 пайызы жұмыс уақытының қашан бітетінін анықтау үшін немесе ұйықтайтын уақыт болған-болмағанын білу үшін ғана сағатқа қарайды екен. Компьютерге бір отырған соң, уақытты бағамдап отыру қиын. Сол себепті, 45 минут сайын үзіліс жасауды қолға алыңыз.
Көзге арналған жаттығу
Егер тек бір бағытқа қарап жұмыс істесеңіз, көздің бұлшықеттері шаршайды. Сол себепті, көзіңізді жұмыс, жарықты өткізбеу үшін алақаныңызбен жабыңыз. Көзді босаңсытып, қимылдатпаңыз. Осы аралықта, жұлдызды аспанды немесе қандай да сурет картинасын көз алдыңызға елестетіп, жақсы эмоцияға бөленіңіз. Тіпті, шексіз қараңғылыққа қарау арқылы да, бұл жаттығуды жасауға болады. 2-3 минут өткен соң, көзіңізді ашыңыз. Сөз жоқ, жанарыңыздың демалып қалғанын сезінесіз.
Терезе алдына келіңіз де, көзді фокустандыруға арналған жаттығуға көңіл бөліңіз. Терезенің әйнегіне диаметрі 3-5 мм болатын белгіні жапсырып қойыңыз да, осы белгілен 30 сантиметрдей алшақ тұрыңыз. Көзіңізді сол белгіге салып, кейін дереу терезе сыртындағы бір заттарға бұрылыңыз (бағана, жарнама, ағаш т.б). Әрбір фокустандыру кезінде 2-3 секундқа аялдаңыз. Бірақ, бір жаттығу кезінде 30 рет осы әдісті қайталасаңыз, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Осыдан соң, бірнеше минут бойы кез келген басқа заттарға назар аударыңыз. Бұл кезде басыңызды қозғамай, тек көзбен ғана қараған жөн.
Дәрумендер
Дәрумендер барлық ағзаға, соның ішінде, көзге де керек. Егер балғын жеміс-жидектер мен көкөністерді жеп үлгермейсіз бе? Онда мультидәрумендерді пайдаланыңыз.
Бұл айтылған кеңестердің барлығы да оңай орындалады! Тек, күнделікті зиянды әдеттерден арылып, экран алдында сағаттап отырудан қашып, кішігірім үзіліс сіздің көз жанарыңыз үшін аса пайдалы. Сондай-ақ ойыңызды да тазартады.
Дереккөз: confederation.kz
О. Сансызбай