Көзді компьютерден қалай қорғау керек?

Көзді компьютерден қалай қорғау керек?

Компьютер алдында көп отыратындар көзін қайткенде жақсы қорғай алады? Төменде мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.

  1. Көз домбығып іссе, бір қасық ас тұзын бір стакан жылы суға езіп, мақтаны тұзды суға малып, көзге бірнеше минут басу керек. Көздің ісігін қайтарады;
  2. Таңертең тұрғанда бір стакан жылы лимон суын ішсе, денедегі уытты айдап, көз бұлшық етінің босауының алдын алады;
  3. Беттің құрғауы себепті немесе экран алдында отырып суды көп ішуі себепті көз іссе, әуелі суық сумен бетті жуып, суық суға шыланған орамалды көзге басу керек. Арақ ішу немесе үстемелеп жұмыс істеу себебінен көз іскенде, жылы суға батырылған орамалды көзге басса, көз маңайындағы қан айналысын жақсартуға, көз бұлшық етінің қалжырауын бәсеңдетуге болады;
  4. Көз терісіне лайық келетін май таңдау өте маңызды. Әдетте, сықпа майлардың қоректік қуаты жоғары болады, көз айналасының су құрамын толықтайды. Көздің ісуі көбінде көз айналасына судың жиналып қалуынан болады. 
  5. Екі не үш сағатта бір рет қарапайым көз гимнастикасын істеу арқылы экранға қараудан пайда болған көздің қалжырауын бәсейту керек;
  6. Түскі астан кейін көзді уқалап тұрса, көз айналасындағы қанның айналысы жақсарады. Айталық, ортаңғы саусақ пен сұқ саусақ арқылы көзді баяу уқаласа, көз бөліміндегі ұлпалар қызметі жақсарады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz

M. Auelkhan