Бірінші, көз қарашығын әрекеттендіру. Жоғары-төмен, оңға-солға қарау, мұнда ең маңыздысы басты емес, көзді әрекеттендіру (суреттегідей);
Екінші, көзді жыпылықтату. Басты жоғары көтеріп көзді ашып-жұмып машық жасау. Бұл көз айналасындағы қан айналысының жақсы болуына септігін тигізеді. Бұл әрекетті 2-3 рет қайталау керек (суреттегідей);
Үшінші, ыстық пен суықты кезек-кезек өткізу. Екі орамал дайындаңыз, оның бірін теріні күйдіріп кетпейтіндей ыстық суға шылаңыз, енді бірін мұздай суық суға салыңыз. Сосын алдымен ыстық суға салынған орамалды көзге 5 минут қойыңыз, онан соң суық суға малынған орамалды көзге 5 минут қойыңыз (ерекше ескерту, ыстық судың температурасы тым жоғары болып кетпеуі керек, көз терісі нәзік болатындықтан ыстық орамал күйдіріп кетуі мүмкін).
Төртінші, алысқа қарау. Алдымен алыс жерлерге 3 минут қарап тұру керек, сосын қолдың алақанына 1-2 минут, кейін қайта алысқа қарау. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталап жалғастыру керек.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: wechat.com