- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көз шаршағанда не...
Көз шаршағанда не істеуге болады?
Фото:
www.dobrenok.com
Көзіңіз шаршаса, өзіңіз де шаршайсыз. Құлшыныс болғанмен, көздің көру қабілеті төмендеп, кедергі болуы мүмкін. Әсіресе, емтиханға дайындық кезінде көзге көп салмақ түседі.
Егер көзіңіз шаршаса, ағзаның да шаршағаны, яғни емтихан тапсырмаларын орындауға күшіңіз жетпеуі мүмкін. Көзді демалту үшін қажетті әрекет жасау қажет. Ол үшін төмендегі жаттығуларды ұсынамыз.
− Жоғары-төмен алма-кезек қараңыз (25 сеунд), солға және оңға;
− Көзбен өз есіміңізді, әкеңіздің атын, тегіңізді жазыңыз.
− Алыс қашықтықтағы заттарға тесіле қараңыз (20 секунд), содан соң алдыңыздағы қағаз бетіне қараңыз (20 секунд).
− Көзбен шаршы, үшбұрыш салыңыз. Бірінші сағат тілімен, содан кейін сағат тіліне қарсы бағытта салыңыз.