Қазіргі таңда әлем бойынша әрбір үшінші адам көз ауруына шалдыққан. Оның ішінде алыстан көрмеу ауруы белең алып отыр, әсіресе, жасөспірімдердің көбісі аталмыш аурудан зардап шегуде. Әрине, техниканың мысы басып тұрған заманда көзге көңіл бөлмесе, дертке қалай кез болғаныңды өзіңде білмей қаласың.
Сондықтан, дер кезінде аурудың алдын алу үшін көз бұлшықетін нығайтып, дұрыс тамақтанып, компьютерде отыру, теледидар көру,кітап оқу уақытын белгілеу өз алдына, қолдан келгенше жақсы көруді негізге алып жаттығулар жасап тұрған жөн.
1-жаттығу
Көзді 5-6 секунд бойы жыпылықтатып тұру керек. Аздаған үзілістен соң жаттығуды қайталаңыз.
2- жаттығу
Көзді жұмып, 3-5 секундтан кейін қайта ашыңыз. Жатығуды 6-8 рет қайталай беріңіз.
3-жаттығу
Тұрып орындалатын жаттығу. Қолыңызды алдыңызға созып, сұқ саусағыңызға қараңыз. Саусағыңыз екеу болып көрінгенше көзді алмастан өзіңізге қарай баяу жақындата беріңіз. Жаттығуды 6-8 рет жасаңыз.
4-жаттығу
Басты қозғамай, жоғары, төмен қараңыз. 8-12 рет қайталанады.
5-жаттығу
Мойныңызды бұрмастан оңға, одан кейін солға қараңыз. 8-12 рет қайталаңыз.
6-жаттығу
Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздеріңізді жабыңыз. Жаттығу ұзақтығы-5 минут. Күніне 2-3 рет жасау қажет. Алақаныңыздан тараған жылу мен қараңғылық көздің шаршағанын басады.
7-жаттығу
Екі қолыңызға да қарындаш алыңыз. Біреуін көзіңізден 15 см қашықтықта тік ұстаңыз. Екіншісін алдыңғы қарындаштың қашықтығында ұстаңыз. Енді назарыңызды бірінші қарындашқа салыңыз да көзіңізді жұмып-ашыңыз, кейін, көзқарасыңызды екінші қарындашқа аударыңыз. Жаттығу күніне екі рет жасалынады.
8-жаттығу
Екі аяғыңызды бір-бірінен алшақ қойып, бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Алыстау тұрған бір нәрсеге қадала қарап, кірпіктеріңізді қағыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз.
Дереккөз: anabol.kz