Қорылдауды кетіретін жаттығуды алғаш рет дәрігер Флек ойлап тауып, 250 ерікті адамға тәжірибе жүргізген. Ол еріктілерді 2 апта бойы бақылау нәтижесінде көпшілігінің қорылдауы азая түскенін байқаған. Егер қорылдаудың асқынған түрі болмаса, тіл бұлшықеті мен төменгі жаққа арналған жаттығу көмектеседі. Қорылдауды азайтатын мынадай қарапайым жаттығулар бар: А. Тіліңізді барынша алға шығарып, төменге түсіріңіз. Шығарған күйде 1-2 секунд ұстап тұрыңыз. Осы жаттығуды таңертең және кешке 30 реттен жасау керек. Тіліңізді төменгі тіске күшпен итеруге болады. Ә. Иекті қолыңызбен басып, төменгі жақты алға-артқа күшпен қозғау керек. Осы жаттығуды таңертең және кешке 30 реттен жасау керек. Б. Ағаш немесе пластик таяқшаны тісіңізбен қысып, сол қалыпта 3-4 минут ұстаңыз. Бірнеше минуттардан соң жақтың бұлшықеттері ауыра бастайды, бұл жаттығудан соң солай болу керек. Оны ұйықтар алдында жасаңыз. Қорылдау кезінде А және Ә жаттығулары тіл бұлшықеті мен төменгі жаққа бағытталған. Егер бұлшықеттер жаттыққан болса, олар босаңсыған жағдайда да нақты тонусты ұстап тұрады. Б жаттығуы ұйықтар алдында жұту бұлшықетінің тонусын жақсартып, оны 20-30 минутқа сақтайды. Соның себебінен қорылдаудың басталуын баяулатады. Қорылдауды азайтатын жаттығудың нақты нәтижесі 3-4 апта уақытылы жаттыққан соң, байқала бастайды. Қорылдаудан дауысты дыбыстарды, соның ішінде и әрпін айтатын жаттығулар да жақсы көмектеседі.