Франциядағы Монпелье университетінің ғалымдары коронавирусты тоқтатын тағамдарға зерттеу жасай келе, қырыққабаттың коронавирусты "өлтіретін" қасиеті барын анықтады. Мұны The Sun жазады.
Ғалымдардың айтуынша, орамжапырақ көп жейтін елдердің халқы COVID-19 туғызған аурудан аз қайтыс болған. Бұған Германия мен Оңтүстік Кореяны жатқызуға болады.
Зерттеуге сүйенсек, орамжапырақтың құрамында коронавирустың ағзада тарауына кедергі келтіретін заттар бар. Ашытылған қырыққабаттың (квашеная капуста) құрамында ағзаға түскен патогендерге қарсы тұратын антиоксидант болады. Бұл адамның ағзасы мен иммунитетін күшейтіп, вируспен күреске қуат береді.
Сол сияқты испан диетологы Алехандро Кановас пен Испания қоғамдық пульмонология және торакаль хирургиясы басшысы (SEPAR) Эусеби Чинер жұмыртқа, күріш, балық және грек жаңғағының өкпені коронавирустан сақтайтынын қасиеті барын айтқан еді. Чинердің айтуынша, адамның өкпесі нашарлаған сайын, ағзада ақуыз азаяды. Оны толтыру үшін ақуызы мол тағамдарды жеу керек. Ал жұмыртқаның құрамында сапалы ақуыз бен майды қорытатын А витамині бар.