- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирусты адамның дауысына...
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
MIT Lincoln зертханасының ғалымдары COVID-19-ды адамның дауысына қарап анықтауға мүмкіндік беретін алгоритм ойлап тапты. Бұл аурудың симптомсыз түрін анықтауға көмектесетіні туралы "IEEE Open Journal of Engineering in Medicine and Biology" журналында хабарланды.
Бәріңізге белгілі, коронавирус тыныс алу жүйесіне әсер ететіндіктен, бұл сөйлеу мен дауыстың өзгеруіне де өз ықпалы бар. Ғалымдар COVID-19 диагнозы қойылған, бірақ олармен симптомсыз түрде ауырған 5 танымал адамның дауыстарын аурудан бұрын жасалған ескі жазбалардағы дауыстарымен салыстырып талдаған. Сарапшылар вирустың әсерінен олардың дауысы төмендеп, көлемі, ырғағы (тембрі) және басқа да сипаттамалары өзгеріске ұшырағаны туралы қорытындыға келді.
Зерттеуді жалғастыру үшін ғалымдар тобы Карнеги Меллон университетіндегі коронавирус анықталған адамдардың сөйлеу үлгілері бар дауыстық базасын талдай бастады. Сонымен қатар олар өз алгоритмін мобильді қосымшаға енгізу мүмкіндігін қарастыруда, себебі бұл ауру белгілері жоқ адамдарда COVID-19-ды анықтауға көмектеседі.
Н. Үсенова