- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирусты 4 сағатта...
Коронавирусты 4 сағатта жоятын масканың шыққаны рас па?
Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде Жапония ғалымдарының COVID-19-ды "4 сағатта жоя алатын маска" жасап шығарғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Жазбадағы мәлімет бойынша, маска мыс талшықтарынан жасалған әрі вирусты жоятын қабілеті бар. Factcheck.kz сайты Жапонияның ресми сайттарына жүгіне отырып, осы ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрді.
"Жапония ғалымдары коронавирусты 4 сағатта жоятын маска жасап шығарды" деген мәлімдемеге Factcheck.kz "шындық әрі манипуляция" деп үкім шығарды.
Ақпарат шындығы: Жапонияның Gunma Университетінің ғалымдары жергілікті Meisei Industry компаниясымен бірігіп мыс талшықтарынан жасалған маска, мата, қолғап және тағы басқа заттарды өндіре бастады. Басты мақсат – коронавируспен күрес, себебі COVID-19 вирусы басқа металдармен салыстырғанда мыста аз уақыт (4 сағатқа дейін) өмір сүреді.
Copper's antimicrobial properties will help us fight against #COVID19. A Gunma-Univ. spin-off & a local copper foil thread maker, Meisei Industry, together created a copper fiber sheet for use in masks & other daily items. #InnovationJapan pic.twitter.com/TWo5AVxYi4
— The Gov't of Japan (@JapanGov) May 31, 2020
Ақпарат манипуляциясы мынада: "Коронавирус тудыратын SARS-Cov-2 вирусының мыс бұйымдарында 4 сағатқа дейін сақталады. Алайда Жапония ғалымдарының мыс талшықтарынан жасаған маскасы әлі тәжірибе жүзінде болғандықтан біз нақты қанша сағатта жоя алатынын айта алмаймыз, сондықтан бұл мәлімдеме – манипуляция", - дейді Factcheck.kz.
Gunma университеті жанында құрылған Gunma University Development & Innovation (GUDi) кәсіпорны Жапонияның Китрью қаласында орналасқан. Осы кәсіпорын Meisei Industry компаниясымен бірігіп, Covid-19 вирусының таралуын алдын алу үшін мыс талшықтарынан жасалған тоқыма өнімдерін дайындай бастады.
"Қолданылып жатқан материал вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және біз осы жетістікке тезірек жетуді қалаймыз", - дейді осы тәжірибелердің басы-қасында жүрген Gunma Университетінің профессоры және GUDi кәсіпорынының атқарушы төрағасы Хидеюки Итабаши.