- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирустан үй жағдайында...
Коронавирустан үй жағдайында емделу
Соңғы уақытта коронавирусты жұқтырғандардың саны күрт артты. Көп жағдайда инфекция симптомсыз түрде не жеңіл белгілермен өтіп жатыр. Бірақ ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскендер де аз емес. Күн санап науқастар саны көбейіп, ауру дендеп барады. Ақыр соңында көптеген адамдар коронавирустың ойдан шығарылмағанын, шындық екенін түсінгендей. Енді не істемек керек?
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры
Ең бірінші қағида – үрейге берілмей, сабырсақтау. Одан кейін коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыруды қажеті шамалы. Өйткені тест саны шектеулі, бәрі тест тапсыруға баратын болса шын мұқтаждарға жетпей қалуы мүмкін. Сосын тест тапсыруға барар жолда, кезекте тұрғанда, сол ғимаратта коронавирусты жұқтыру қаупі әлдеқайда жоғары.
Коронавирус инфекциясының симптомдарына басты назарды аудару керек. Алғашқы белгілері вирусты жұқтырған адаммен байланысқаннан кейін 2-14 күннен соң пайда болуы мүмкін. Қазіргі уақытта коронавирустың симптомдары 4-5 тәулікте көріне бастайды. Дене қызуы, қалтырау, жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, дене бұлшықеттерінің ауырсынуы, бас ауруы, дәм мен иіс сезбеу, тамақтың қышуы, жұтынудың қиындауы, мұрын бітеліп, жүректің айнуы – ең жиі кездесетін симптомдар.
Дегенмен бұл суық тию мен тұмаумен ауырғанда да жиі кездесетін белгілер, сондықтан бірден жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жатудың қажеті жоқ. Егер коронавирустың алғашқы белгілері байқалғаннан соң 10-14 күнде ауру асқынбаса үйде емделуге болады. Ал егер ауру бой бермей, керісінше асқынса кәсіби медициналық көмекке жүгіну қажет.
Ауырсынуды басу үшін парацетамол және аспирин сияқты дене қызуын, ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдауға болады. Айтпақшы, аз мөлшердегі аспирин қанның ұюына көмектеседі, бұл коронавирусты емдеу барысында маңызды рөл атқарады.
Дәрігерлер тамақ пен мұрын қуыстарын фурацилин ерітіндісімен жиі шайып тұруды ұсынады. Бұл үшін мен 0,05 пайыздық хлоргексидинді дезинфекциялық ерітіндіні қолдануға болады.
Алайда дәрі-дәрмекке көп үйір болмаған жөн. Көп қимылдамай, тыныштықта жатқан маңызды. Жылы суға лимон қосып ішкен абзал. Өйткені лимонда С дәрумені бар. Бұл дәрумендер қымызда және кейбір ашыған сүт өнімдерінде өте мол. Олар сонымен қатар вирустармен күресуге көмектесетін пайдалы микробтарға толы.
Егер жағдай тәуір болса, онда мен міндетті түрде маска тағып, адамдармен 2 метр немесе одан да көп қашықтықты ұстай отыра көшеде серуендеп, бой жазып қайтуды ұсынамын. Күн сәулесі ағзада Д дәруменінің пайда болуына ықпал етеді, өз кезегінде бұл вируспен күресуге көмектеседі. Егер сізден коронавирус анықталған болса, қоғамдық көлікті пайдаланудан бас тартқан жөн.
Симптомдардың күшеюі, жағдайдың нашарлауы және өкпенің 30 пайызынан астам зақымдалуымен жүретін пневмонияның дамуы секілді көрсеткіш жағдайында науқас ауруханаға емделуге жатқызылады. Мұны компьютерлік томографияның көмегімен анықтайды.
Жедел медициналық көмекті қажет ететін жағдайларға ес-түстің жоғалуы, бет пен еріннің көгеруі, қозғала алмау немесе тұра алмау, тыныс алудың қиындауы, кеуденің қысылуы және ауырсынуы жатады.
Абай болыңыз, өзіңізге күтім жасаңыз. Егер сіз өзіңізді ауырдым деп есептесеңіз, онда тез айығып кетуіңізге тілектеспін.