Коронавирустан емделу үшін тамақты ас содасы, тұз, йод және ара желімімен шайып тұру қажет. Малайзия ғалымдары осында тұжырымға келді, деп хабарлайды Science ғылыми басылымы.
Куала-Лампур қаласының ғалымдары 22-56 жастағы азаматтарды (көбі ер азаматтар) төрт топқа бөліп, тәжірибе жасаған.
Әрбір топта бес-бестен коронавирус жұқтырғандар болған.
Ғалымдар атап өткендей, тәжірибе нәтижелі қорытынды көрсетті.
Яғни, тамақты үнемі шайып тұру коронавирус инфекциясының таралуын төмендетіп, науқастың вирустан емделуіне көмектесетіні белгілі болды.