Коронавируспен ауырған адам қандай сусындар ішпеуі керек – дәрігер жауабы

Диетолог Анжелика Дуваль COVID-19 індетінен кейін қандай сусындар ішуге болмайтынын, ал қайсысы ағзаны аурудан сауықтыруға көмектесетінін айтты. Бұл туралы Sputnik радиосы жазды.

Дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтырған адам негізінен су ішуі керек. Су коронавирустан айыққаннан соң да ағзаның қалпына келуіне септігін тигізеді. Дегенмен, тезірек сауығу үшін диета ұстап, пайдалы жеміс сусындарын ішуге болады. Жеміс сусындарын дайындау үшін диетолог теңіз шырғаны мен мүкжидектерді пайдалануды ұсынады.

"Екі литр суды алып, оны 80 градусқа дейін ысытып, 200 грамм жуылған жидектерді саламыз. Оны тәтті ету үшін құлпынай қосуға кеңес беремін”, - деді Дувал.

Сусынды қайнатудың қажеті жоқ, әйтпесе ондағы терапевтік әсер үшін жеткілікті дәрумендердің мөлшерін сақтау мүмкін болмайды. Диетологтың айтуынша, жеміс-жидек сусындарынан басқа, көк шайға негізделген тұнбалар емдік әсерге ие. Мұндай сусынның құрамына мүкжидек те, кейбір жемістер де кіруі мүмкін.

"Бір жарым литр қайнаған суға екі ас қасық жоғары сапалы көк шай және екі апельсин тілімін, бір немесе екі ас қасық мүкжидек қосыңыз. кейін оны мұздатып ішіңіз”, - деді ол.

Егер сусын салқындап кетсе, оны жылы сумен ысытуға болады, бірақ қайтадан қайнаған су қосуға болмайды деп ескертті дәрігер. 

Коронавируспен аурған адам сауығу кезеңінде кейбір сусындардан аулақ болған жөн. Диетологтың айтуынша, тыйым салынған тізімге ең алдымен қара шай мен қою кофені қосу керек. 

"Сонымен қатар, тыйым салынған тізімге тәтті газдалған сусындар мен оралған шырындарды қосар едім. Шырындарды үйде дайындаған дұрыс", - деп кеңес берді Дуваль.

 

Бұған дейін Алматыдағы №11 қалалық емхананың жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева коронавирус кезінде үйде қалай емделу керек екенін айтқан болатын.

"Омикрон" штамының белгілері алдыңғы штамдарға ұқсамайды. Оны жұқтырған адамдар үйде емделеуі керек. Неліктен үй жағдайында емделген дұрыс? Өйткені, біз бұл вируспен екі жылға жуық күресіп келеміз. Бұл мүлдем жаңа түрі емес, сондықтан инфекцияны жұқтырған адам ең алдымен оқшаулануы керек. 

Егер қанның оттегімен қанықтығы төмендеп кетсе (сатурация), ұзақ уақыт дене қызуы түспесе, онда ауруханада жатып емделген абзал. Мұндай науқастар дәрігерлердің бақылауында болуы керек",- дейді ол. 

Спикердің сөзінше, коронавирустың кез келген штамын үй жағдайында емдеуге болады, ауруханаға асқынған немесе созылмалы ауруы бар науқастар жатқызылады.