Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны бір күнде 97-ге көбейіп, жалпы саны 1113-ке жетті. Ал вирус жұқтырғандар саны 44653-ке артты. Ал бір күн ішінде айыққандар саны – 744 адам.
Бір күн бұрын вирус жұқтырғандар саны 42,6 мың, құрбандар саны 1016 екені айтылған.
Сонымен қатар, Гонконгта, Қытайдың арнайы әкімшілік аудандарында 49, Макаода 10, Тайваньда 18 жағдай тіркелген. Гонконгта бір адам вирустен қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус түрін COVID-2019 деп атады. ДДҰ сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкіндігін айтты.