Қытайдағы Чуцин медициналық университетінің зерттеушілері коронавирус жұқтырғандармен зерттеу жүргізіп, олардың көпшілігінде 8 аптадан кейін вирусқа қарсы антиденелер азайғанын анықтады. Бұл туралы CNBC хабарлады.
Ғалымдардың пікірінше, науқастарда коронавирустың белгілері жоқ тасымалдаушы кезінде антиденелер тез жоғалады.
"Бұл нәтижелер жаппай иммунитетті дамыту және вирусты толық жеңу мүмкіндігіне күмән келтіреді", - дейді ғалымдар.
Зерттеушілер өз қорытындыларын коронавирустың ауыр белгілері бар 37 және ауру белгілгілері жоқ тасымалдаушы 37 адамды бақылылау негізінде шығарды.
"Бақылаудың 8 аптасында ауру белгілері жоқ 81 пайыз тасымалдаушыда және 62 пайыз ауыр белілері бар науқастарда антиденелер азайды. Сонымен қатар, антиденелердің мөлшері ауру белілері жоқ тасымалдаушыларда 40 пайызында анықталмайтын деңгейге дейін төмендеген. Ал мұндай нәтиже ауру белгілері бар науқастардың 12,9 пайызында анықталды", - делінген зерттеуде.
Адамдардың коронавируспен қайта ауруы уақыт еншісінде. Әсірсе бұл ауру белгілері жоқ тасымалдаушыларда жиі қайталанады. Жалпы, коронавирусқа қарсы иммунитет 2-3 айдан аспайды.
Ғалымдар вирустың әсерінің маңызды жақтарын, оның ішінде адам ағзасының оған қарсы иммундық реакциясын әлі де зерттеп жатыр. Олардың тәжірибелері вакцинаның дамуына және популяцияның иммундық жүйенің түзілу жылдамдығын бағалауға көмектеседі.