АҚШ ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штамын анықтады. Бұл штамм таралу жылдамдығымен қауіпті.
Лос-Аламосс Ұлттық зертханасының ғалымдары жаңа штамм ақпан айында Еуропада пайда болғанын мәлімдеді. Мутацияға ұшыраған бүгінде АҚШ-қа жетіп, індетті жұқтырғандар саны бойынша әлемде көш бастаған. SARS-CoV-2 коронавирусын 3,5 миллионнан астам адам жұқтырған екен
Зерртеуде коронавирустың тыныс алу жолына өтуі үшін маңызды тікенегі өзгеріске ұшырағаны жазылған. SARS-CoV-2 маусым тұмауы секілді күн жылығанда жойылып кетпейді. Вирустың мутациялануы оған қарсы вакцинаны жасауды қиындата түсетіні анық. Қазірдің өзінде әлем бойынша 100-ден аса вакцина жасалып жатыр.
Бұған дейін Қытай ғалымдары COVID-19 коронавирусының мутацияға ұшыраған екі штамын анықтаған болатын. Бүгінде жаңа коронавирустың 30-дан астам мутацияланған штамы белгілі. Пастар атындағы Бейжің мен Шанхай институтының ғалымдары бастапқы кезде коронавирустың 70% белсенді болғанын айтады. Уханьда шыққан вирус мутацияға ұшырамай тұрғанда таралу жылдамдығы да, өлім көрсеткіші де жоғары болған.
Бүгінгі таңда жасалып жатқан вакциналар Уханьдағы алғашқы коронавирустың штамына арналған. Тікенегі бар ақуызда ағзаға зиянсыз еніп, коронавируспен күреседі. Егер коронавирус штамы тез мутацияланатын болса алдағы уақытта пайда болатын вакциналар өз күшін жоғалтуы мүмкін.