Қазақстанның COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80 пайызына мутацияланған коронавирус себеп екенін айтты.
Ақпарат бойынша, бұл осы көктемде және жазда бүкіл әлемді құрсап алған вирустан өзгеше. Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.
Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусымда пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралған. Испаниялық генетик Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың бұқаралық іс-шараға қатысуынан басталды деп болжайды. Ғалым вирустың одан әрі тез таралу себебін Испанияда демалып жатқандардың қауіпсіздік шараларын сақталмауынан көреді.
Жаңа мутацияның жұқпалылығы және аурудың ағымы тұрғысынан қауіптілігі әлі белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталған болатын.