- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирус Қазақстанда қашан...
Коронавирус Қазақстанда қашан тіркелуі мүмкін – Бас санитар жауабы
Фото:
google.com
Еліміздің Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан тіркелуі мүмкін екенін айтты.
Оның сөзіне сенсек, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.
"Инфекцияның таралу "шеңберінің" аясы қысылып бара жатқанын көріп отырсыздар. Қазір Иран, Оңтүстік Корея, артынша коронавирус Еуропа елдерін шарпыды. Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері.", - деді Бекшин.
Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.
Г. Берік