- Негізгі бет
- Денсаулық
- Коронавирус адам терісінде...
Коронавирус адам терісінде қанша уақыт сақталады?
Жапониядағы Киото медицина университетінің ғалымдары коронавирустың адам терісінде қанша уақыт тіршілік ете алатынын анықтады. Ғалымдар "теріде вирус 9 сағатқа жуық қауіпті болуы мүмкін" дейді. Зерттеу тұмау вирусының өмір сүру мерзімінен COVID-19 мерзімі 5 есе көп екенін дәлелдеді. Бұл туралы Asahi хабарлады.
Тәжірибе барысында адам терісіне 100 мыңнан астам коронавирус пен тұмау вирусы енгізілген. Содан кейін вирустардың теріден жоғалып кетуіне қанша уақыт кететіні есептелген. Тұмау вирусы 1-2 сағаттан кейін жойылып кеткен. Ал, коронавирус адам терісінде кей жағдайларда 11 сағатқа дейін, ал орта есеппен 9 сағатқа дейін сақталған.
Зерттеулер көрсеткендей, 80 пайыз этанол спиртін қолдану терідегі вирустарды 15 секунд ішінде жояды. Егер қолды сабынмен 15 секунд жуып, содан кейін 10 секунд ішінде ағын сумен шайып тастаса, вирустың бастапқы мөлшерінің тек бір бөлігі ғана сақталады яғни қолды ағынды сумен жуудың өзінде вирустардың жүзден бір бөлігі бәрібір қалады.
Айта кетейік, аустралиялық ғалымдар коронавирус банкноттар мен смартфондардың экранында 4 аптаға дейін сақталатынын зерттеу арқылы анықтады. Бұл тұмау вирусы сақталатын уақыттан шамамен 2 есе көп.
Т. Раушанұлы