Тәтті дәмнен бөлінетін рақат сезімді айтып жеткізу мүмкін емес, сондықтан шығар, өмірімізде болып жатқан барлық жақсылықтар мен жайлылықты тәтті сезімге балап жатамыз.
Қазіргі уақытта тәттінің түр-түріне қол жетімді. Оларды балалар да, ересек адамдар да жақсы көреді. Және үлкені де кішісі де артық жеп қоюдан тайсалмайды. Алайда қант пен тәттілерді шамадан тыс көп пайдалану - өз еркіңмен денсаулығыңды құрту қаупін тудыруы мүмкін.
Тәтті - бақыт алмастырушы
Көп адамдар стрессті жеп қойғысы келеді. Қысылтаяң кезеңдерде шоколад немесе печеньені ауызға салып, жеңілдеп қалады. Өйткені тәтті жеу кезінде ағзаның синтездеуінен бөлінетін серотонин – бақыт заттегі болып саналады. Ол көңілді тыныштандырып, осы уақытқа дейін шешілместей болған проблема соншалықты қиын емес сияқты болып көрінеді. Бірақ әуестену – мөлшерді бірте-бірте көбейтуге әкеп соғады. Және бұл іске асуы үшін уақыт өте келе бір-бірлеп емес, келілеп жеуге тура келетін болады, ал бұл өз кезегінде...
Диабет
Тәттіқұмарлар диабетке шалдықпауы мүмкін емес сияқты көрінеді. 1-типтегі диабет – генетикалық ауру және желінген тәтті мөлшері оның пайда болуына еш әсер етпейді, ал жылдар бойы тәттіні шамадан тыс көп жеу 2-типтегі диабеттің тууына әсер етуі мүмкін. Бірақ сонда да – генетикалық тұрғыда бейім болсаңыз және жиі стресске ұшырайтын болсаңыз ғана. Тәттіқұмарларда диабет пайда болуына дейін оның жаршысы – гипогликемия сыр беруі мүмкін. Қан құрамында қант азаюы салдарынан осы күйге ұшырайды. Бас айналу, әлсіздік, ашушаңдық белгілері мазаны алады, бірақ тәтті жеген соң мұның бәрі ғайып болады. Бірақ уақыт өте келе жағдайы қайта нашарлап, тәтті жеуге құмартып тұрады. Осылайша диабетке ұшырау да қиын емес. Бірақ ашығын айтсақ, кейбір тәттіқұмарлар қанша тәтті жесе де диабетпен ауырмайды – бұл аурудың себебін ғалымдар әлі толық зерттеп бітпеген.
Семіру
Тәтті тағамдар құнарлы келеді. Салмасы бар бір шоколадты конфетте шамамен 45 ккал бар, бір плитка ащы шоколадта - 538 ккал, кремі бар бір тілім қабатты тортта - 533 ккал бар. Әйел адамға күніне 2500 ккал, ал ер адамға шамамен 3000 ккал жеу жеткілікті болып саналады. Егер біз тәттіден басқа үш мезгіл бірінші, екінші тағамдар мен компот ішетінімізді ескерсек, бар жинаған калориямыз іш пен бөксеге жиналатынын айтпаса да түсінікті. Диетологтар қанты бар өнімдердің қосындысы күнделікті тамақ рационының 10% ғана қамтуы керек деп кеңес береді. Сонда ғана толып кету қаупі сізге төнбейді.
Бірақ зат алмасу ерекшеліктерінің және көмірсуларды жаңқалап жіберетін ферменттердің күшейтілген белсенділігінің арқасында толмайтын адамдар бар. Сонымен қатар, жинаған калорияны іске асыратын спортспендер мен жер қазушыларды есептемегенде.
Тістер
Көп адамдар тәттіден кариес пайда болады деп ойлайды. Және осы теорияны пайдаланып, балаларына кәмпит бермейтін аналардың санына сан жетпейді. Тісте өмір сүретін бактериялар қантты жерде немесе тістер арасында қалған тәтті тағам қалдықтарында тез көбейетіні белгілі. Егер мұны осылай қалдыра берсек, әлбетте, кариеске шалдығуыңыз әбден мүмкін, бірақ тәтті жеген соң тісіңізді шайып, алма немесе сәбіз жеп жіберсеңіз тіс құртылуының алдын аласыз.
Басқа да аурулар
Рафинадталған қантты сіңіру үшін көп мөлшерде кальций мен В тобындағы дәрумендер қажет дейді ғалымдар. Тәттіні шамадан тыс пайдалану ағзада минералды тұздар мен аминоқышқылдардың жетіспеушілігіне себеп болуы мүмкін. Тамақ рационында қанттың көп болуы сүйектеріңізді, қан айналымыңызды, тамыр мен буындарыңызды әлсіретеді, ал В тобындағы дәрумендердің жетіспеушілігі жүйке жүйесіне әсер етеді. Қант өз бетінше ағзаға тікелей әсер ете алмайды, бірақ оны көп мөлшерде пайдалану, әлбетте, зиян. Мұнымен қоса, қант аллерген болмаса да, аллергиялық реакция тудыруы әбден мүмкін.
Тәтті ағазаға қажет. Мидың жақсы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл күй үшін, ләззат алу үшін, энергия алу үшін. Сонымен қатар, тәттілер қартаюдың алдын алады деген пікір бар, ал табиғи тәттілер – бал, шоколад, қара өрік, меиз сияқтылар антиоксиданттардың негізі болып саналады. Бірақ, барлық жағдайда қалыпты мөлшерде қолдану ғана өз пайдасын әкеледі. Тәттіні жақсы көріңіз – өз-өзіңізді қадағалаңыз, шамадан тыс мөлшерде пайдаланбаңыз және тәуелділікке ұшырап жүрмеңіз.
Сурет: ilive.com.ua
Дайындаған: Анар Мұстафина