Артық киллограм тастаймын десеңіз... ойларыңызды ретке келтіріңіз! Дұрыс тамақтану мен дене шынықтыру жаттығулары - әрине, арықтағанда таптырмас шаралар. Алайда дәрігер мамандардың айтуынша, арықтаймын деп ниеттенбеген ми барлық күшіңізді жоққа шығара алады.
Адамның ақыл-ойы мен оның денесінің арасында тұрақты байланыс болады, алайда ми дененің алдында үстем, себебі, ой-сана біздің іс-әрекеттерімізге билік етеді. Артық килограммдар - арықтаймын ба, жоқ па деген сұрақтардан шатасқан мидың бейберекет ойларының әсері.
Сіз өте сұлусыз, немесе керісінше, иә толықсыз, жаратылысыңыз осындай шығар, не қыласыз өзіңізді өзгертіп деген сөздерді естігеніңіз бар ма? Диета - уақытты бос құрту деген сөздерді ше? Осындай қағидалардың кез келгені басыңызда қалып қойып, өмірлік ұстанымдарыңызға айналып, қазір арықтауға бөгет болуы мүмкін. Бұл өте қауіпті: тамақпен деген эмоционалды байланыс тамақтану мәселелерін ауыр сұрақтарға айналдырып, арықтамақ түгілі, толып кетесіз. Алайда, күдер үзуге болмайды. Бұл жағдайды өзгерте алатын 7 психологиялық айламен таныс болыңыздар:
Арықтап, тек сұлу емес, сонымен қатар деніңіз сау болғанда, өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Армандап, елестетіп көріңіз. Бір айдан кейін, үш айдан кейін, алты айдан кейін қандай сұлу болар екенсіз? Осы кейіптерді ойда сақтап, ұйқыдан бұрын және ұйқыдан тұрғанда соларды еске алып тұрыңыздар. Жартылай ұйқыдағы адамның күйі транс немесе гипноздағы адамның күйіне өте ұқсас келеді. Осы кездегі оң ойлар мен армандар сәттілікке жетуіңізге сенім тудырар. Жазбаша түрде үлкен қағаз картонына әдемі қаламмен не қалайтыныңызды, не үшін арықтап жүргеніңізді, мақсатыңыздың қандай екенін жазып қойыңыз. Былтырғы джинсы шалбары сыю, не денсаулығыңызды реттеу ме? Осы мақсатыңыз үшін неге дайын екеніңізді де жазып алғаныңыз жөн. Мен тамақты аз жеймін, немесе мен бәленше, түгенше жаттығуларды жасаймын дегендей. Осы қағаздарды күніне 2 реттен дауыстап оқыңыз. Өткен жолы арықтауға не кедергі болғанын анықтаңыздар. Қате ойлар, не қоғам қағидалары ма? Өзіңіздің арықтауға кедергі болатын әдеттеріңізді (пицца, тәтті бәліштер, немесе шоколад жеу) тізіп жазып, олардан арылу мен құтылудың жолдарын қарастырыңыз. "Тамақтану күнделігін" жүргізе бастаңыз. Бұнда ауызыңызға түсетін әр нәрсені жазып отырыңыз. Зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: миыңыз тамаққа тосқауыл қоя алмаса, күнделік бұл сұраққа жауаптырақ қарауға мәжбір еткізеді. Сіздің мақсаттарыңызға ұқсас жоспарлары бар адамдармен араласыңыз. Олардың арасында дегеніне жеткендері де, тек армандап жүргендері болса да, олар сізге ортақ мақсатыңызда көмектесер. Сондай-ақ бұл миыңызға көмек: ол тек өзіңіздің ғана емес, көпшіліктің де тәжірибесін есепке алады. Тамақты жаныңыздың жараларынан дауа немесе сәтті істеріңіз үшін марапат ретінде қолданбаңыз! Тамақ - денеңіздің жақсы жұмысына керек отын, және де осы отынның жақсысын таңдаңыз. Өзіңізге тамақтың белгілі бір түрін жеуге ешқашан тиым салмаңыз. Үлкен көлемде қомағайлыққа алып барауы мүмкін.Бастысы - өзіңізді сүйіңіз! Сіз - кереметсіз, және бұдан бетер әсем бола аласыз. Алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге бар күшіңізді салыңыз!
Сурет mignews.com.ua сайтынан алынған.