- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көп отыру өмірді...
Көп отыру өмірді қысқартады
Швециялық Каролин Медициналық Институтының ғалымдары отыру – адам үшін ең қауіпті қалып екенін анықтады.
Зерттеулер көрсеткендей, адамның өмір жасының ұзақтығы оның қанша уақыт бойы отыратынына байланысты. Адам көп отырған сайын, оның хромосомаларының екі ұшындағы теломералар да қысқара береді. Теломералардың басты қызметі - қартаюды тежеп, жаcушалардың тозуын, хромосомалардағы келеңсіз нәрселердің пайда болуын алдын ала ескертеді.
Сынаққа қатысқандар фитнеспен айналыса бастағанда, олардың теломералары да айтарлықтай ұзарған. Бұл – олардың өмір жасы да ұзарды дегенді білдіреді.
Осыған байланысты ғалымдар кеңселерде түрегеп тұрып жұмыс жасайтын қызмет орындарының сәнге айналғандығын да атап өтті. Қандай жағдай болмасын, түрегеп тұру отырғанға қарағанда пайдалырақ.
Дайындаған: Айжан Бекболат
Сурет: teamworkstaffingnj.com
Y. Smaghul