Көп бала тәрбиеленетін отбасыда қатерлі ісікпен сирек ауырады. Тек анасы ғана емес, сонымен қатар көп балалы отбасының барлық мүшелері онкологиялық аурулардан қорғалады. Цюрих университетінің және Аделаида медициналық мектебінің мамандары осындай шешімге келді. Олар 178 ел бойынша ауқымды статистика жүргізіп, мынадай заңдылық байқаған: отбасы қаншалықты кішкентай болса, қатерлі ісікпен ауыру қаупі соншалықты жоғары. Ауқаттылық, білім деңгейі, өмір сүретін жері сындыфакторлар бұл жағдайда қауіп деңгейіне әсер етпейді. Зерттеу барысында тағы да қызықты заңдылық пайда болды: егер көп балалы отбасымен бірге туыстары (жиі кездесетін жағдай ата-әжесімен бірге тұру) бірге тұрса, пайдалы әсер оларға да таралады. Соның ішінде, бұл қорғаныш әйелдерге қарағанда еркектерге көбірек әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша, көп балалы үйде тұру ми, қуық, өкпе, асқазан, омырау, аналық без ісігі қауіптерін азайтады. Отбасы позитив көзі Үлкен отбасының құпиясы неде? Оның құпиясы тіпті, онкологиялық аурулармен де күресе алатын позитивті сезімдерде жатыр. Адам отбасының ортасында жүріп, мыңдаған жылдар бойы қоршаған ортаның кедергілеріне қарсы тұрып, бейімделіп келе жатыр. Мұндай құрылым бізді аурулардан қорғайтын эмоциялық қалқан ретінде қызмет етіп келеді. Әрине, отбасылық өмірде де уайым-қайғы болып тұрады. Көп балалы отбасы болғандықтан, күйзеліс, тіпті, жиі болуы да мүмкін. Бірақ жалпы эмоциялық тұрғыда қарасақ, позитивті әрі игілікті сәттер көбірек болады. Негізгі уақытын отбасыға арнайтын әйелдерге көп балалы болу түрлі ісік түрлерінен қорғайды: - 10 немесе одан да көп балалы болған әйелдерде сүт безі ісігінің және репродуктивті органдардың қаупі 25%-ға төмендейді; - егер әйел көп балалы болуымен қатар тұңғышын 20 жасқа дейін босанса, оның омырау ісігінің қаупі 30 жастан кейін босанғандарға қарағанда екі есе төмен болады; - көп балалы әйелдерде тері, қуық және қалқанша безі аурулары сирек кездеседі.