- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көңіл-күйді көтеретін жеміс...
Көңіл-күйді көтеретін жеміс
Фото:
tagil-online.com
Киви жемісі адамның көңіл-күйін көтеріп, күйзелістен арылуға көмектеседі. Ғалымдар 54 адамға 6 апта бойы зерттеу жүргізіп, осындай нәтижеге көз жеткізді.
Ғалымдар адам өзін күні бойы сергек әрі көңілді сезіну үшін күніне екі дана киви тұтыну керек деп есептейді. Күніне екі киви жеген адам шаршағанды ұмытып, өзін сергек сезінетінге ұқсайды. Өйткені адамның ағзасы қажетті дәрумендерге толығып, шаршағаны бірден басылады екен. Сонымен қатар, екі кивидің құрамында адамға тәулік бойы қажетті С дәрумені бар. Ал ол адамға біраз уақытқа жетерлік күш-қуат береді.
Осыған дейін ғалымдар киви жүрек ауруларының алдын алатынын дәлелдеген. Соған сәйкес бұл жемістің денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін түсіне беріңіз.
С. Ерсін