Командасына берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары – зерттеу

Командасына берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары – зерттеу

Оксфорд зерттеу орталығы командасына жан-тәнімен берілген жанкүйерлердің инфаркт алу қаупі жоғары деген тұжырым жасады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Image result for самый преданный болельщик бразилии"

Ғалымдар 2014 жылы өткен футболдан Әлем чемпионатында Германиядан 1:7 есебімен жеңілген Бразилия жанкүйерлерінің сілекейін зерттеген. Бұл ойында фанаттардың кортизол деңгейі тым жоғары болған. Дәрегерлердің айтуынша, кортизол нормадан асып кеткенде қан қысымы жоғарылап, инфаркт қаупі артады.

Зерттеу авторларының бірі: "Өзін команданың бір бөлігі санайтын жанкүйерлер ойын кезінде психологиялық стресс алады" дейді.

Егер кортизолдың нормадан асып кеткен жағдайы ұзақ уақытқа созылса, қантамырлар тартылып, қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруына себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ адам бұл кезде өміріне қауіп төніп тұрғандай күйде болады.

Бұған дейінгі зерттеулер жүрек ұстамасы ірі футбол турнирлері кезінде жиілейтіні анықталған.

Дәрігерлер футбол матчынан кейін стадионда екпіні баяу музыка қосып, прожекторларды өшіруге кеңес береді.

Massaget