Көлікте отырып, көшедегі жол тығындардағы заяға кеткен уақытты аяйсыз ба? Тығында тұрып қалғанда немесе жай ғана көлікте біреуді күтіп отырғанда, уақытты босқа құртқанша, денеңізді сергітетін жаттығулар жасап отырыңыз.
Бүгін біз сіздерге көліктің ішінде отырып-ақ жасауға болатын жаттығуларды үйретеміз.
Қол, кеуде, арқаға арналған жаттығулар
Рөлді екі қолыңызбен ұстап, шынтақтарыңызды бір-біріне қарама-қарсы бағыттап көтеріңіз. Рөлді барынша мықтап ұстауға тырысыңыз. Осындай жағдайда сіз кеуде, иық, бицепс бұлшық еттерін іске қосасыз. Енді рөлді екі жаққа тартыңыз. Жаттығу арқа, иық, трицепс бұлшық еттерін шымырландырады.
Бөксеге арналған жаттығулар
Бөксе бұлшық еттерін қысып, орындықтан тұрғыңыз келгендей болыңыз. Осы қалыпты жарты минутқа сақтаңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. Қайталаулар саны көп болған сайын пайдалы.
Қол мен арқаға арналған жаттығулар
Арқаны жазып, басты орындыққа жатқызыңыз. Арқамен иіліп, жауырыныңызбен орындыққа тіреліңіз. Осы қалыпта 15 секунд отырып, қайталаңыз. Бұл жаттығуды қолыңызды рөлден алуға болатын кезде ғана жасаңыз.
Жаттығуларды жасау барысында, жолдағы қауіпсіздік шаралары мен жол жүру ережелерін сақтай алатындығыңызға көңіл бөліңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: comparethebox.com