- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қол жууға тиісті...
Қол жууға тиісті 10 түрлі іс
1. Газет оқығаннан кейін кейін қол жуыңыз. Баспа майының құрамында этил спирті, изопропил спирті, толул қатарлы органикалық еріткіштер болады, бұл заттардың қалдықтарының өзі адам денесіне зиянды.
2. Таңертең сүтті немесе газетті почта сандығынан алғаннан кейін. Сүт сандығы, газет сандығы қатарлы орындарда бактериялар мол болады.
3. Сыртқа шығып оралғаннан кейін қол жуу керек. Сыртқа шыққанда қолыңызбен әлеуметтік орындардағы есік тұтқасы, лифт сүйеніші, лифт батырмасы қатарлы дүниелерді ұстайсыз, бұл жерлерде бактериялар мен вирустар көп, әрі лас болады. Сондықтан, сыртқа шығып оралғаннан кейін, алдымен қол жуып, онан соң басқа істерге кіріскен жөн.
4. Ақша әмиянын немесе ақшаны алғанда, банкоматты пайдаланғаннан кейін қол жуу керек.
5. Сырттан тамақтанғанда мәзірді қарап, асқа тапсырыс беріп болғаннан кейін қол жууды естен шығармаңыз. Өйткені, мәзір көп адамның қолынан өтеді және ол ұзақ мезгіл ауыстырылмайды.
6. Компьютерді, тінтуірді, қолфонды пайдаланғаннан кейін қол жуыңыз. Бұл заттарды адамдар үнемі елеусіз қалдырады, алайда бұлар үнемі пайдаланатын ластануы ең ауыр заттар.
7. Киімді жайып болғаннан кейін қол жуыңыз.
8. Қолыңызбен аузыңызды басып түшкірген соң немесе жөтелген соң қолыңызды жуыңыз.
9. Үй хайуанаттарын қолмен ұстағаннан кейін қолыңызды жуып, хайуанаттарда болатын жұқпалы аурулардың алдын алыңыз.
10. Сәбилердің жаялығын ауыстырған соң, науқастардың төсек орнын жөндегеннен кейін, немесе заттарды тазалағаннан кейін қол жуыңыз.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: aboluowang.com
M. Auelkhan