Көктемгі аллергияның себебі – гүлденетін өсімдіктердің тозаңы. Бұл ұсақ бөлшектер желмен оңай таралады және көктемде бірнеше апта бойына ауа олармен толып тұрады. Тозаң негізі қауіпсіз, бірақ кей адамдардың иммунды жүйесі қателесіп, ағзаға түскен тозаң бөліктеріне шабуыл жасайды. Бұдан көбіне көз бен мұрын қиналады, себебі олардың беті сезімтал және олар тозаңның түсуінен қорғалмаған. Нәтижесінде, көзді жасаурататын, мұрыннан су ағызатын қабыну дамиды. Бір немесе бірден бірнеше өсімдіктің тозаңы аллерген бола алады.
Көпшілік аллергияны тудыратын терек мамығы деп ойлайды. Терек мамығы біреулерге аллергия беруі мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі. Терек мамығының басты қаупі – ол өсімдіктер тозаңын және спораларды таратады.
Гүлдену маусымында толыққанды өмір сүру үшін және көктемгі аллергияңызды жеңілдету үшін мына пайдалы кеңестерге мән беріңіз:
1. Құрғақ желді күндері үйде қалуға тырысыңыз. Мұндай ауа райында ауада тозаң көп болады. Ал жаңбырдан кейін ол азаяды;
2. Далаға шығарда күннен қорғайтын көзілдірік киіп шығыңыз. Бұл көзді тозаңнан қорғауға көмектеседі;
3. Көлікпен қала сыртына сапарға шықсаңыз, міндетті түрде терезені жауып қойыңыз;
4. Жалпы белсенді гүлдену маусымында қала сыртына шықпаған дұрыс. Себебі кей өсімдіктер тозаңының шоғыры қала сыртында қала ішіне қарағанда көбірек;
5. Үйге кірген соң душқа түсіңіз және далаға киген киіміңізді әрі қойыңыз. Себебі денеде және сырт киімде тозаңның ұсақ бөліктері қалады;
6. Кепкен киімді далада емес, үйдің ішінде кептіріңіз;
7. Көлікте және үйде кондиционер қолданыңыз. Ауаға арналған арнайы сүзгілер болады. Олар аллергендерді ұстап қалады;
8. Терезелерді жауып ұйықтаңыз;
9. Үй жануарына күтім жасаңыз. Егер оны далаға шығарсаңыз, оның жүнінде тозаң жиналуы мүмкін. Ол оны үйге әкеледі;
10. Ұйықтарда душқа түсіңіз және басыңызды жуыңыз. Бұл теріңізді және шашыңызды аллергендерден тазалауға көмектеседі. Сол кезде аллергияның түнде мазалауы азаяды;
11. Дәрігермен кеңесіп, дәрі ішуді бастаңыз;
12. Аузыңызды физиологиялық ерітіндімен немесе тазаланған сумен шайыңыз. Бұл мұрын бітелуін жеңілдетеді және шырышты қабаттан аллергенді жуып шығуға көмектеседі;
13. Көктемгі аллергиямен күресудің тағы бір жолы – аллергенге тән иммунотерапия. Бұл кезде дәрігер алдымен нақты неге аллергия екенін анықтайды. Содан соң тері асты инъекциясын жасайды. Ол ағзаның аллергенге біртінден «үйренуіне» мүмкіндік береді. Алайда бұл процедураны аллергия маусымы басталмай жатып жасайды.
14. Үйді жиі ылғал тазалаңыз.
15. Құрамында сіз үшін аллерген болып табылатын өсімдіктер сығындысы бар косметика, дәрі, фитотерапия қолданбаңыз.