Сингапурдың биоинженерия және нанотехнологиялар университетінің мамандары көк шайдың обыр ауруларына қарсы тұра алатын, сондай-ақ ісіктердің алдын алуға көмектесетін қасиеттерінің бар екенін анықтады.
Олардың мәліметтерінше, бұл сусынның құрамында онкологиялық ауруларды емдеуге қатысты емдік қасиетті зат - кахетин бар. Ол мықты антиоксиданттарға ие полифенолды қосылыстар болып табылады. Бұл - көк шайдың уландырғыш қасиеті ең аз сусындар санатына жатқызылуының себебі.
Шайдың бір кесесінде полифенолдың 10-нан 40-қа дейін миллиграмы бар. Сусынның күшті антиоксидант болып табылуы себебімен ол ерікті радикалдардың санын қысқартады. Бұл обыр ісігінің пайда болу мүмкіндігін толық жойып қана қоймай, ол пайда болған жағдайда дамуын тоқтатады.
Бұл қорытындымен Францияның ғалымдары да келіседі. Алған нәтижелерге сәйкес, көк шайды тұрақты негізде қабылдау керек. Бұл туралы мамандардың қолына түскен соңғы мәліметтер куәландырады - көк шайды ішкен адамдардың обырға шалдығудан болған өлімдер саны 24 пайызға төмендеген, деп жазады «Дни» порталы.
Дереккөз: inform.kz
Сурет: hdwyn.com