Көк шай инсульттің алдын алады

Көк шай инсульттің алдын алады

Кофе мен көк шай инсульттің пайда болу ықтималдылығын 14-20 пайызға төмендетеді. Бұл туралы Жапонияның Ұлттық церебралдық және жүрек-қан тамырлары орталығының ғалымдары айтып берді.

Бұл шешімге мамандар 47-74 жас аралығындағы 83 мың адамға жүргізілген сауалнаманың нәтижесін анықтағаннан кейін келген. Зерттеушілер жауап берушілердің соңғы 13 жылда көк шай мен кофенің қаншалықты жиі пайдаланатындығын анықтауға тырысқан.

Зерттеудің нәтижесі бойынша, күніне бір шынаяқ кофе ішу инсультті 20 пайызға, ал 2-3 пиала көк шай 14 пайызға төмендететіндігі анықталған. Айта кетелік, Жапониядағы дәстүр бойынша, бір пиала сусын 170 миллилитр көлемінде болады.

Сонымен қатар, күніне бір кесе кофе немесе екі пиала көк шай ішу миға қан құйылу ықтималдылығын 32 пайызға азайтатындығы анықталды. Себебі бұл екі сусын да қанды тым қоюланып кетуден сақтайды.

Доктор Йошихиро Кокубоның айтуынша, бұндай эффект сусындардың құрамындағы катехиндердің себебінен байқалып отыр.

Ал кофенің құрамындағы хлороген қышқылы инсультің алдын алумен қатар, екінші типтік диабеттің пайда болуына жол бермейді. Десе де, ғалымдар қорытынды шешімге келуге асықпайтындығын, зерттеу жұмыстарын әлі де жалғастыра беретіндігін жеткізді.

Көк шайдың басқа да пайдалы қасиеттері туралы мына жерден, ал кофе туралы қызықты ақпараттарды мына жерден оқып біле аласыздар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 4e4evica.ru

Massaget