- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көк бананның пайдасы...
Көк бананның пайдасы
Көк банан (немесе жасыл банан) адамның ішек микрофлорасын жақсартып, пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді. Бұл жайлы Ұлыбританияның Daily Mail басылымы жазды.
"Жасылдау бананда резистенді крахмал мол болады. Бұлар адамның ішек микрофлорасын жақсартуға, пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді", - дейді Ұлыбританияның Солфорд ішек аурулары Ұлттық орталығының профессоры Гордон Карлсон (Gordon Carlson).
Маманның айтуынша, көк бананның ішек жұмысына жақсы әсер ететін 18 зерттеу жұмысы дәлелдеген екен.
Көк банан деп отырғанымыз – бананның әлі толық піспеген, шала піскен түрі. Сырты көкшіл болғандықтан, солай атап жүр. Мұндай бананда әбден піскен бананға қарағанда қант аздау болады. Сондықтан қанттан бас тартқан адамдардың жеуіне болады. Қандағы қантты реттеуге көмектеседі.
Одан бөлек, көк бананда жасұнық мол. Ал жасұнық – адам ағзасына ең пайдалы нәрлік заттардың бірі.
"Көк бананды тоңазытқышқа бірақ уақыт салып қойсаңыз, құрамындағы резистенді крахмалдың көлемі 50 пайызға дейін көбейеді де, адам ағзасына пайдасы тіптен молырақ болмақ", - деп түсіндіреді профессор Карлсон.
Жасыл, сары, қоңыр: Қай түсті банан пайдалырақ?
Қ. Слямбек