Алты айдан бері әлемнің барлық елдері коронавирус пандемиясы жағдайында өмір сүруде. Бұл індет қоғамның барлық салаларын қамтыды. Былай қарасаң, біздің ғаламшар біраз уақытқа дейін тоқтап қалған сияқты. Егер біздің қазіргі қоғамды науқас ретінде қарастырсақ, ахуал мәз емес. Ауру дендеп барады, инфекция қоғам ішінде кең таралуда. Өз кезегінде бұл қатаң шаралар мен оңтайлы емдеуді қажет етеді.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры
Алты айдан бері әлемнің барлық елдері коронавирус пандемиясы жағдайында өмір сүруде. Бұл індет қоғамның барлық салаларын қамтыды. Былай қарасаң, біздің ғаламшар біраз уақытқа дейін тоқтап қалған сияқты.
Егер біздің қазіргі қоғамды науқас ретінде қарастырсақ, ахуал мәз емес. Ауру дендеп барады, инфекция қоғам ішінде кең таралуда. Өз кезегінде бұл қатаң шаралар мен оңтайлы емдеуді қажет етеді.
Өз басым алдымыздағы наурызда-ақ бұл жаман кеселді жеңетінімізге үміттенген едім. Алайда, белгілі болғандай, бұл кезде ауру тек бастапқы сатысында болған екен. Көпшілік тіпті вирустың бар екеніне сенбеді. Қазірдің өзінде ондайлар арамызда жүр. Дегенмен, жалпы көпшілік жағдайды түсініп, вирусты жұқтырмаудың алдын алуға, індеттің таралуын тоқтатуға тырысып бақты.
Бұрынырақта біз әртүрлі аурулармен, індеттермен күресіп, сәтті нәтижелерге қол жеткізген болатынбыз. Иммунолог ретінде мен вирустармен айналысқаныма 40 жылға жуық уақыт болып қалды, бірақ дәл осы коронавирус сияқты зұлымды еш көрген емеспін. Белгілі болғандай, бұл тек өкпенің ғана емес, сонымен бірге қан тамырларының ауруын тудырады. Ал мына тыныс алу жолдары коронавирус инфекциясына ағзаға кіру үшін ғана.
Вирус көбінесе тамырлар арқылы қанмен қамтамасыз етілетін мүшелерді зақымдайды. Бұл тек қана өкпе емес, сонымен бірге бүйрек, ішек, жүрек және ми. Осыған байланысты, коронавирус жұқтырған науқастарда жөтел мен тыныс алудың қиындауына ғана емес, көптеген өзге де шағымдардың болатыны содан.Мұндай жағдайларда дәрігерлерге де дұрыс диагноз қою оңайға соқпай отыр.
Дегенмен, кейбір елдер алдын алу мен емдеудің оңтайлы әдістерін ұтымды қолданса, қазіргі пандемиямен сәтті күресуге болатындығын көрсетті. Біз бұл тәжірибені бастапқыда қатаң шектеулер енгізген кезде қолдандық. Науқас өзін нашар сезініп, қан жоғалтса, тамырды қысып қан кетуді тоқтату керектігі секілді, бізге қатаң шектеу шараларын енгізу керек болды.
Алайда, медицинада интенсивті көмекті жүйелі түрде көрсетіп, ал науқасты ауыр жағдайдан біртіндеп шығарып, денсаулығының көрсеткіштерінің өзгеруін мұқият қадағалап отыру қажет. Әрине, өкінішке орай, біз шыдамдылық пен қырағылығымызды жоғалттық. Қан кетіп жатқан тамырды басып, сәйкес емдеуді жалғастырудың орнына, қолымызды алып қана қойып, науқастың, дәлірек қоғамның қан жоғалтқанын құр қарап тұрдық.
Кейін ғана барып ақыл-есімізді жинап, өз-өзімізге келіп, қан кетіп жатқан жараны қайта таңып, қан кетуді тоқтатуды қолға алдық. Алайда, осы уақыт ішінде біз эпидемияға әкелген негізгі мәселелерді бақылауымыздан жоғалттық.
Мұны коронавирус өте оңтайлы пайдаланды, тез арада бүкіл әлемге жайылып, "көптеген орман өрттерін" тудырып үлгерді. Менің ойымша, көптеген орман өрттерінің орнына "бір үлкен өрт ретінде" болғанда, біз оны уақытылы байқап өшірер едік.
Бүгінде біздің қоғамның денсаулық жағдайы нашарлап, әлгінде айтып отырған "қан кету" тоқтала қоймады. Енді коронавирустың бізді толығымен үстемдік етуіне және билеп-төстеуіне еш жол бермеу аса маңызды. Міне, осының бәрі әрқайсымызға байланысты.
Вирус жұқтырған адамның аузы мен мұрынынан вирустың қалай шығып, қалай із қалдыратынын өз көзімізбен көре алсақ, онда не болатынын елестетіп көрелік. Онда өзімізді басқаша ұстар ма едік? Инфекция жұқтырған адамдармен ара-қашықтықты сақтар ма едік? Маска тағар ма едік? Егерде біз осының барлығын көрсек, қазіргідей жағдай болар ма еді? Өкінішке орай, біз "көзге көрінбейтін дұшпанмен" күресудеміз. Оларды көру мүмкін емес, бірақ олар жайында біліп, өзімізді лайықты ұстап, тиісті шаралар қолдануға мүмкіндігіміз мол.
Біздің қоғам агрессиялық емдеуді, мүмкін ұзақ уақытылы емдеуді қажет етеді. Ол үшін бізге міндетті түрде өте қарапайым, бірақ аса қажетті ережелерді сақтау керек. Атап айтатын болсақ, біз вирустан өзімізді аулақ ұстап, одан сақтану үшін маска тағуымыз қажет. Бірнеше вирустар біздің ағзамызға еніп кеткен жағдайда да, оларға алысқа кетуіне қиынға соғады. Дегенмен, бізде әлі де иммундық қорғаныс бар емес пе? Егер маска тағатын болсақ, онда вирусқа ешқайда қимылдауға шара жоқ, ол жерге түсіп буға айналып кетеді.
Әйткенмен вирус жай өлмейді. Өйткені, ол жансыз. Вирус бізсіз ештеңе емес. Ол бізсіз өмір сүруге бейімделмеген. Ол – паразит.
Сондықтан да ағзамызға вирустардың енуіне жол бермей, одан әрі таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Вирусқа қонақжайлылық танытудың қажеті жоқ. Кірер жолын бөгеуіміз тиіс. Маска тағып, одан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Адамдар көп жиналған жерге барудан бас тартыңыз. Көбінесе вирустар желдетілмейтін жабық орындарда ауада ұшып жүреді, олардан жасырыну мүмкін емес.
Одан бөлек, дәрігерлерге сенім арту қажет, оларға қайтадан індетті бақылауға алуларына мүмкіндік беру керек. Иә, уақытында көптеген қателіктерге жол берілді. Көптеген медициналық қызметкерлердің өздері де инфекцияны жұқтырып, қатардан шығып қалды. Алайда, біздің ортамызда қайсар әрі білікті дәрігерлер, медбикелер, эпидемиологтар әлі де баршылық. Бұл батырлар дерттен айығуымызға барын салуда. Дәрігерлерге сеніп артып, бізге көмектесулеріне мүмкіндік беруіміз қажет.
Егерде барлығы дұрыс істелетін болса, болашақта біз достарымызбен және жақындарымызбен бұрынғыдай еркін араласуға мүмкіндік тумақ. Әзірге көшеде, табиғат аясында ара-қашықтықты сақтап араласқанымыз дұрыс. Қайта-қайта эпидемиялық жағдай туралы мәліметтерді біліп отыруға мұқтажбыз. Бұл ауа-райы жайлы ақпараты секілді, жауын-шашын болған жағдайда қолшатырды ұмытпауымыз үшін.
Адамның қалауы мен ақиқат арасында тепе-теңдік – бұл коронавирус пандемиясы дәуірінде өмір сүруге деген мәжбүрлік болып табылады. Бүгінде біз жағдайдың ушығуына жол бере алмаймыз. Шындыққа турасынан қарап, қырағылық танытуымыз аса маңызды. Ақырында біз мұны түсінгендейміз.