Қалада көгал мен тал, жасыл жабынды көп болса, балаларға жақсы. Ондай қалада тұратын балаларға далаға шығуға құмар келеді. Осылай дейді Испания ғалымдары.
Мамандардың айтуынша, қаланы барынша жасыл көшетпен абаттандыру қажет. Саябақ пен бақ, сквер салып, маңайды жасылдырғанның пайдасы көп. Тұрғындардың денсаусылғын жақсартады. Әсіресе, балаларға жақсы әсер етеді екен.
Зерттеушілер жасыл көшет пен көгалдың бала психологиясына қалай әсер ететінін бақылау үшін 6-11 жастағы 1581 балаға эксперимент жасаған. 32 параметр бойынша бақылау жүргізілген.
Сонда байқалғаны мынау: саябақ пен бағы көп қаланың кішкентай тұрғындары – балалардың далада көп уақытын өткізетінін байқаған. Жүгіріп оянайды, велосипед тебеді, әйтеу физикалық жағынан өте белсенді боп шыққан.
Сондықтан мамандар баланы далаға шығару үшін қаланың жасыл көркіне көп мән беру керек дейді.