- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кофенің пайдасы да...
Кофенің пайдасы да көп
Кофені көп адам сусын ретінде пайдаланатыны белгілі. Алайда оның зиянды тұстарын айтып, кейде бас тартуға үндейтін кеңестерді көп кездестіреміз. Назарларыңызға кофенің пайдалы тұстары жайлы кеңестер ұсынамыз.
Кофеде эфир майы бар, ол хош иіс береді. Олар жүйке жүйесін жігерлендіруге қабілетті және мұқияттылық пен жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Оған қоса кофе көңіл-күйді жақсартады, түрлі мәселеден бір сәт миды тазартуға, достармен жүздескенде уақытты жақсы өткізуге керемет себепші болады.
Кофенің құрамында аса маңызды микро және макроэлементтер жиынтығы бар. Бұл магний мен марганец, кальций мен йод, темір мен фосфор. Тұмау тигенде таңқурай пайдалануды әдетке айналдырдық. Ал бір шыны кофенің әсері одан кем емес. Кофе дәнінің құрамындағы заттар қақырықты жібітіп, оны шығарып, ағзаның сауығуын жеделдетеді.
Дереккөз: baq.kz
Н. Үсенова