“Кофеден де пайдалы“. Диетолог сергітетін жаңа сусын түрін ұсынды

“Кофеден де пайдалы“. Диетолог сергітетін жаңа сусын түрін ұсынды
Фото: Pixabay.com

Консалтинг диетологы және "Салауатты тамақтану" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Алексей Кабанов матча шайының пайдалы қасиеттері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риа.Новости-ге" сілтеп. 

"Кофеден артықшылығы, бұл шайдың құрамында көптеген дәрумендер мен талшықтар бар, ол асқазан-ішек жолдарының жұмыс істеуі үшін маңызды, сондай-ақ антиоксиданттық қорғанысты қамтамасыз етеді және асқорытуды қалыпқа келтіруге көмектеседі", - деп түсіндірді Кабанов.

Кабанов сусынның пайдасы оның өсімдік құрамында екенін айтты. Ақуыздар, талшықтар, минералдар (темір, кальций), А, С дәрумендері, хлорофилл (табиғи детоксикация) - бұл компоненттердің барлығы үнемі тұтынылған кезде пайдалы болады және біздің денемізге өте қажет.

"Бірақ матчаның пайдасы мен қатар зияны да бар. Егер сіз оны жиі іше бастасаңыз, аптасына бір-екі реттен артық ішпеу керек екенін ұмытпаңыз" – деп кеңес берді сарапшы.

Д. Литпин