- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кімге тамақпен бірге...
Кімге тамақпен бірге су ішуге болмайды – диетолог жауабы
Су – ағзаға ең қажетті өнім. Дегенмен де, оны дұрыс ішпесеңіз зиян - әсіресе денсаулығыңызда белгілі бір проблемалар болса тіпті кері әсер етеді. Бұл туралы Doctorpiter жазды.
Диетолог Елена Тихомированың айтуынша, егер адамның денсаулығында елеулі проблемалар болмаса, суды кез келген уақытта ішуге болады. Оны тамақтану алдында, тамақ ішу кезінде, кейін де іше беруге болады. Егер ауру болмаса, ас қорыту жүйесі жүктемені жеңеді және асқазанда сумен де, сусыз да тағамды сіңіре алады.
Бірақ мынадай аурулары бар адамдар тамақпен бірге су ішпеу қажет:
• гастрит;
• панкреатит;
• холецистит;
• асқазан жарасы.
Дәрігер атап өткендей, осы кезеңде адамдарға үнемді диета тағайындалады. Ал адам осы диетаны ұстанған кезде ас қорыту сөлін бұзбау үшін суды тамақтан бөлек ішу керек.
Терапевт Елена Черненконың айтуынша тамақпен бірге су ішуге болады. Ең бастысы, оны тым көп ішпеу қажет. Су ас қорытуға көмектеседі.
Ал тамақ алдында бір стақан су туралы интернеттегі танымал кеңес туралы не деуге болады? Бұл әдет аз тамақтануға көмектеседі дейді. Алайда, Черненко іс жүзінде олай емес екенін айтады. Түскі асқа дейін 15 минут немесе жарты сағат бұрын су ішуге болады, бірақ оның пайдасы жоқ. Осы уақыт ішінде 200-250 миллилитр су өңеш, асқазан және он екі елі ішек арқылы өтеді. Нәтижесінде сіз қайтадан тамақтануға деген тәбетті сезесіз.
Т. Раушанұлы