Ас қорыту жүйесі бұзылған адамдарға салқын, суық тағам мен сусын ішуге болмайды. Бұл асқазан ауруларын асқындырып жіберуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, әсіресе асқазаны қыжылдайтын, қышқыл дәмі өңешке келетін жағдайда салқын тағам жеуге, салқын сусын ішуге болмайды. Суық тамақ ішті кептіріп, дәрет сындыруды бұзуы мүмкін.
Салқын сусын мен тамақ кейде бас ауруына да әкелуі мүмкін. Әсіресе, басы ауыратын адамдарда байқалатын белгі.
Тұмаумен ауырып жатқан, салқын тиген адамға да суық тағам мен сусын ішуге болмайды. Иммунитетті түсіріп жіберуі мүмкін.