- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кімге сәбіз жеуге...
Кімге сәбіз жеуге болмайды?
Мамандардың айтуынша, сәбіз – адамға пайдалы көкөністердің бірі. Әсіресе, теріні нәрлендіруге, қан айналымын жақсартуға, жүрекке пайдалы көрінеді. Арықтауға да септігі тиеді екен.
Алайда бауыры ауыратындар мен ішегі қабынғандарға сәбізді жеуге болмайды дейді мамандар.
Сәбіздің түсі – тоқсары, сары. Бұл каротин пигментінен. Егер бауыр науқас болса, каротинді сіңіре алмай қиналады. Сондықтан бауыр қабынған тұста сәбізді жемей-ақ қойған дұрыс көрінеді.
Сондай-ақ асқазан жарасы мен энтерит (тоқ ішектің қабынуы) кезінде де сәбізден бас тартқан жөн екен. Қабынуды одан әрі асқындырып жібереді.
Ал сәбіз таңдарда мынаған мән беру керек.
Қ. Слямбек"Сәбіз өте жұмсақ болмасын. Сырты ала-шұбар, кедір-бұдыр болмағаны жақсы. Сынған сәбізді де алуға болмайды", - дейді мамандар.