Тері ауруы бар адамдарға көп жуынуға болмайды. Душқа ара-тұра түсуі тиіс. Осылай дейді дерматолог мамандар. Бұл жайлы Рамблер жазды.
Мамандардың айтуынша, терісі құрғақ, тітіркенгіш, қышымасы бар (экзема) адамдардың суға көп түспегені жөн. Өйткені косметикалық заттар тітіркенгіш теріге зиян келтіруі мүмкін. Ең жеңіл деген косметикалық құрамның өзі теріге кері әсер етуі ықтимал.
Сондай-ақ, құбырдағы су нашар болса да, теріні тітіркендіреді.
Сондықтан құрғақ терілі адамдар жуынғанда, ыстық суды азырақ қолданғаны жөн. Әрі климат не бөлменің іші суықтау, құрғақ болса, жуынудан тартынған абзал.
Қандай да бір дерматологиялық кемшіліктері бар адамдардың екі күнде бір жуынғаны дұрыс көрінеді. Бір жуынғанда 5-10 минута жуынса болғаны.