- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кімге аяқ айқастырып...
Кімге аяқ айқастырып отыруға болмайды?
Фото:
healthproducts.com
Аяқты тізенің үстен қойып, айқастырып отыру адамның табиғи отырыс қалпына жат. Сондықтан мамандар көбіне бұлай отырмау қажет деп жатады.
Себебі мұндай отырыс адамның табиғи қан айналым жүйесін бұзып, бел мен арқа, жамбас сүйектері мен бұлшықетті деформацияға ұшыратады. Бұл көп отыра берсе, жамбас сүйегі қисайып, арқа мүсіні, дене қалпы бұзылуы мүмкін.
Соның кесірінен адамның қан қысымы көтеріледі, жүрекке күш түседі. Қанда тромбы көбейіп, қан қоюлануы мүмкін.
Мамандар қант диабетіне шалдыққан, қан қысымы бар, сондай-ақ жүкті әйелдерге бұлай отыруға болмайтынын айтады. Аяқты айқастырып отыру басында ыңғайлы болғанымен, кейін зиян шектіруі мүмкін.
Қ. Слямбек